Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының тұжырымдамалық негіздерінің және тәжірибесінің жаңғыртылуы» атты халықаралық, ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындылары

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті,  Қауіпсіздік мәселесі мен ынтымақтастық институты, Американдық демократиялық зерттеулер ресурстық орталығы, НАТО жайлы ресурстық және ақпараттық орталығы, 2016 жылы 21-қазанда Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының тұжырымдамалық негіздерінің және тәжірибесінің жаңғыртылуы» атты халықаралық, ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.Конференцияға қазақстандық ғалымдар, АҚШ, Франция, Ұлыбритания профессорлары, ҚР СІМ өкілдері қатысты.

Конференция барысында ҚР өзінің егемендігін жариялағаннан бері, сыртқы саясатта  бейбітшілік бағытын  ұстанатындығы ерекше атап өтілді. ҚР халықаралық  қауымдастық тарапынан қолдауға ие болып, маңызды сыртқы саясаттағы бастамаларды бастауда. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы жетекші елдермен қарым-қатынасты орнатып, дамытуға ерекше көңіл бөлуде, өзінің  дамуы үшін халықаралық саяси, экономикалық, әскери ұйымдарға мүше болуда.

Конференция барысында ҚР тәуелсіз ел ретінде сыртқы саясатта жеткен жетістіктері, Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясатының тұжырымдамалық негіздерінің жаңғыртылуының сараптамасы, оның басты бағыттарының даму болашағы және қазіргі замандағы Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері ауқымды түрде талқыланды.

СІМ Алматыдағы  өкілдігінің кеңесшісі Д.Т.Жакенов, конференция қатысушыларымен сәлемдесіп, өзінің сөзінде ҚР сыртқы саясатының  әлемдік қауымдастықтағы бейбітшілік пен келісімдерді нығайтудағы рөлін, еліміздің тұрақты дамуын  атап өтті.

Профессор Кукеева  Ф.Т. өзінің сөзінде, ҚР-ның көпвекторлылығы арнайы бір дипломатиялық стильге жататындығын, қолайлы сыртқы саясат жүргізудің тәсілі екендігін, осы тәсілді қолдану арқылы еліміздің «билеуші элитасы» құрастырған ұлттық мүдделерге ауқымды түрде қол жеткізіп отырғанымызды атап өтті. 2014-2020 ж.ж. арналған ҚР сыртқысаяси концепциясында көпвекторлы қағидаты, ҚР сыртқы саясатының негізі ретінде прагматизм, баланс, өзара пайда, ұлттық мүдделерді қорғауда қарқынды түрде дамуда. Жасалған сараптама, сыртқы саясаттағы көпвекторлы саясаттың бір орында тұрмай, дамып жатқанын айқындады.

Басылым күні :  28.10.2016