«Полигон 29-тамыз» атты Халықаралық қайырымдылық қоғам қорымен бірге халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстанның ядролық әлемге қарсы жолы.

2014 жылы 26 қыркүйекте сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің көмегімен, «Полигон 29-тамыз» атты Халықаралық қайырымдылық қоғам қорымен бірге, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ ақпараттық департаментінің өкілеттігінің, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілеттігінің және Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі (АӨЫСШ) Кеңес Хатшылығы бөліміндігінің қолдауларымен, Халықаралық ядролық қаруды толықтай жою күніне орайластырған және Семей полигонының жабылуы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысының 23 жылдығына арналған халықаралықдөңгелек үстел өткізілді. 

Шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде, БҰҰ-ның бастаумен «Academic Impact» шеңберіндегі Ғаламдық Жаһандық тұрақтылық жауапкершілігімен өткізілді.

Дөңгелек үстел АҚШ, Ресей, Қытай, Венгрия, Оңтүстік Корея дипломатиялық миссияның, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ), ҚДП «Ақ жол», бұқаралық ақпарат, академиялық қауымдастық өкілдері мен және Семей ядролық полигонының қатысушыларымен өтті.

Факультет деканы Шәкіров Кәрімжан Нұрымұлы құттықтау сөзінде осы шараны өткізуге ынталарын қосып қолдаған барлық қатысушыларға және тікелей Семей ядролық полигонының қатысушыларына ықыласын айтты.

БҰҰ ақпараттық департаментінің өкілі Властимил Самек ядролық қарудан бас тартудың бүкіл әлемдік қауымдастыққа маңыздылығын атап өтті, БҰҰ ның осы саладағы басты әрекетін және Қазақстанның бастамасымен жас буынның осы барыстағы маңыздылығын сипаттады.

Дөңгелек үстелдін қатысушылары үлкен қызығушылықпен, «Полигон 29-тамыз» қоғамының төрағасы – Бозтаев Нұрлан, ҚР-дағы Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі (АӨЫСШ) консул – Жұманбеков Альнур, ҚР- дағы атомдық энергия коммитетінің төрағасы- Ким Александр, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) бас қызметкері – Әбен Даурен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті – Кошербаев Жан, халықаралық құқық кафедрасының доценті- Аманжолов Жайсанбек және ДПҚ «Ақ-жол» өкілін тындады.

Баяндамалардың авторлары ядролық қаруға қарсы ынталарының өрлеуін, осы салада бір неше басты халықаралық құрылыстар мен елдердің ынтымақтастығын, қазіргі мәселелерді және Жаппай қырып жою қаруының тыйым салу келешегін талқылады.

Дөңгелек үстел аясында «29-тамыз Полигоны» Қорының атынан Жаһандық тұрақтылық концепциясының бағдарламасы ұсынылды (ядролық қарудан тыс аймақтар құру, стратегиялық ядролық күштерді қысқартудың жолдары, атом электрстанцияларының (АЭС) болашағы, сонымен қатар «Ядросыз әлем» атты деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылады. Фильмде ядролық қарудың пайда болу тарихы баяндалды, қырғи қабақ соғысы барысындағы екі ұлы державаның өзара текетіресінің өрбуі, СИЯП-тың жабылуы және ядросыз әлем үшін Қазақстанның рөлі баяндалады.

Дөңгелек үстел жұмысына аяғына қарай ХҚФ нің БҰҰ жәрдемшілік орталығының студенттері, Қазақстан жастарының ядросыз әлемдегі орындары туралы интерактивті презентация ұсынды. 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президентімен ұсынылған «АТОМ» атты жобаға үлкен назар аударды жіне барлық қонақтарға қағаздан жасалған, ядролық қаруға қарсы жастардың нвшвның, ақ тырналарды сыйға тартты.

Басылым күні :  26.02.2015