“Бағалы қағаздармен жұмыс” атты қонақ лекциясы өтті.

2014 жылдың 20 қазанында халықаралық қатынастар факультетінде, 309 дәріс залында “Бағалы қағаздармен жұмыс” атты қонақ лекциясы өтті.

Лекция қонақтары:

АО “L-Capital” консалтингтік топтың директоры, қаржылық кеңесші – Абдраимова Айгүл Дильдабекқызы

Халықаралық қатынастар факультетінің меңгерушісі – Чукубаев Ермек Самарұлы

Халықаралық қатынастар факультетінің декан орынбасары – Деловарова Лейла Федоровна

Оқытушы – Бекмұхаметова Әсемгүл Бауыржанқызы

Халықаралық қатынастар факультетінің “Әлемдік экономика” мамандығы қазақ бөлімінің 4-курс студенттері, Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің “Экономика” мамандығы қазақ бөлімінің 3-курс студенттері.

Дәрісте қаржы кеңесшісі бағалы қағаздармен жұмыс механизмі туралы айтты. Бағалы қағаздар эмиссиясы көптеген мекемелермен арасындағы жұмыс барысы түсіндірілді. Студенттер салықтық түсімдерден бағалы қағаздарға дейін операцияларды жүзеге асырылуын түсінді. Сонымен қатар “Табысты инвестор”, “Миллионға қол жеткізу”, “Баспаналы болу” атты бағдарламалары және ақшалай қоржынды пайдалану ұсынылды.

Егерде адам керекті табыс көзіне қол жеткізгісі келген жағдайда табыс көзі бір ғана емес, бірнеше болуы керектігі дәріптеді. Егер бір ғана табыс көзі болса, ол табысты жоғалтып алу тәуекелі жоғары болады және дағдарыс аясына терең түседі.

   Айгуль Дильдабекқызының мәлімдеуі бойынша: “Ақша біз үшін жұмыс істеуі қажет, біз ақша үшін емес”

Халықтық IPO-ның жұмыс істеу механизмі түсіндірілді. Айгуль Дилдабекқызы ТОО “L-Cаpitаl” консалтингтік топтың атқаратын қызметімен, оның сатып алатын акциялары мен облигацияларын, сатып алынатын акциялардың бағаларының анықталу реттігін айтты.

   Студенттерге бұл компанияның басқада “ҚазМұнайГаз” Қазақстан компанияларымен бірлесіп жұмыс атқарылуы және соған байланысты ұсынылған бағалы қағаздар қоржыны ұнады.

   Студенттер көптеген сұрақтар қойды, соның ішінде:

Әлемдік экономика мамандығының 4-курс студенті Жұмагельдинова Меруерт – “Компаниядағы капитализация деңгейі қандай?”

-  Компаниядағы капитализация деңгейі өзінің ақшасын таңдаған жобаға салудағы қарқынымен тікелей байланысты. Қазіргі кезде капитализация деңгейі жоғары жоба “Миллионға қол жеткізу” жобасы.

“Әлемдік экономика” мамндығының 4-курс студенті Таубалды Береке– “Инвесторлардың қапиталының қауіпсіздігін сақтау үшін компания қандай жағдайлар жасайды?”

-  Инвесторлардың салынған ақша қаражаттары дағдарысқа немесе банкротқа ұшыраған жағдайда компания толықтай ақшасын тұрақтандырып береді, бұл келісім-шартта белгіленеді және көрсетіледі.

“Әлемдік экономика” мамандығының 4-курс студенті Турманов Ермек – “Компания қанша жыл көлемінде Қазақстан нарығында кызмет атқарады және компания басқада консалтингтік компаниялармен жұмыс істей ме?”

-  Компания Қазақстан нарығында 2006 жылдан бастап жұмыс істейді және “L-Capital” консалтинтік бағдарламалармен жұмыс атқарады.

“Әлемдік экономика” мамандығының 4-курс студенті Рахметолла Алмат – “Клиенттерді тарту үшін, компания қандай жобаларды жүзеге асырады?”

-  Қазіргі кезде компания клиенттерге екі жобаны ұсынады. Бірінші -жинақтау бағдарламасы “Миллионға қол жеткізу”, екіншісі - “Табысты инвестор”. Бұл екі жоба клиент үшін өте рентабельді және әр қайсысының өзінің жағымды жақтары көп.



Басылым күні :  26.02.2015