"Өлгендер қайтып келмейді" романы бойынша қойылым ұсынды.

Қараша айының 21-і , аль-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің МО40Р тобы , халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы қолдауымен, "100 кітап" ректорлық жобасы аясында, көрермендер алдына Бердібек Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтып келмейді" романы бойынша қойылым ұсынды.

Орыс тілінде білім алатын студенттердің қазақ тілінде қойылым қоюы – бүгінгі күнгі жастардың қазақ тіліне деген құрметі.

Қойылымдағы басты кейіпкерлерді сомдаған: Бахрибеков Айбек, Мышалова Ольга, Ақбанова Ақерке, Голубятников Роман, Боярская Алена, Мади Айтқожа, Алинова Айдария, Девина Кристина, Ишангулыев Абдулкерим, Курмангалиева Әсем. Кәсіби актерлық білімдері болмағанымен, өз рөлдерін, өнер академиясында оқып жүрген студенттерден кем емес, жоғары дәрежеде ойнады.

Жарты сағаттық қойылым көрермендердің көңілінен орын тапты. Факультеттің профессорлық ұжымы ұйымдастырушыларға үлкен рахмет айтып, өздерінің жағымды пікірлерімен бөлісті. Көрермендер қатарында халықаралық қатынастар факультетінің бірінші, екінші, үшінші, төртінші курс студенттері мен магистранттар болды. Қойылымнан алған әсерлерімен бөлісті. Келешекте топтың жаңа жобаларға қатысып, осындай жоғары дәрежеде өткізетіндерін айтты.

Халықаралық қатынастар және

әлемдік экономика кафедрасының оқытушысы   Алипқызы Рамина



Басылым күні :  26.02.2015