Нұрсұлтан Назарбаевтың Евразиялық идеясына арналған онлайн-конференция болып өтті.

28 қараша 2014 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің студентттерімен бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың Евразиялық идеясына арналған онлайн-конференция болып өтті.

Біздің студенттерге бұл тақырыпты тек семинар сабақтарында ғана емес, өзге мемлекет өкілдерімен шынайы уақыт кеңістігінде талқылау мүмкіндігі туды. Бұл тақырып жайлы Ресей жастарының пікірін білу өте қызығушылық тудырды. Онлайн-конференция бағдарламасы Евразиялық тақырыпта баяндама жасау, сұрақ алмасу, пікір алмасу және еркін пікірталас үлгісін қамтыды. Ең әуелі, қатысушылардың пікірлері әр түрлі болғанымен, ондағы достық қалыпты және атмосфера жайлылығын ерекше атап айтуымыз керек. Бұл құбылыс та біздің талқылаудың қызықты өтуіне үлкен септігін тигізді. Мәскеулік студенттердің қазақ тіліне деген қызығушылығы, қазақ тілін түсіне алушылығы, тек қана тіл игерушілік қана емес, біздің елге деген құрметін көрсетті. ММЛУ студенттерімен бірге түсірілген қазақ тілін үйренудің маңыздылығына арналған фильм көрсетілімі тартымды сәттердің бірі болды. Айта кету керек, фильм біздің елдің мәдениетіне деген үлкен құрметпен жасалған шығармашылық жұмыс болды. Біздің елдің әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізге өзге де Ресей Одағы сынды ірі мемлекет жастарының қызығушылық танытып отырғаны өте жағымды құбылыс болды. Осындай сарыннан соң біздің университет студенттері К.Быкова, Е.Осипова, А.Белянкиналардың Евразиялық идея мен Ресей-Қазақстан ынтымақтастығы жайлы баяндамасын тыңдады. Әр бір баяндамада тақырыпқа жан-жақты талқылау жасалды, ақиқат деректер және де әр баяндамашы өзінің жеке ойын да білдіріп өтті. Ұсынылған барлық жұмыстар үлкен қызығушылық пен қызу талқылауға түсті. Кезекті баяндаманы тыңдау және уақыт тапшылығына байланысты қызу талқылау ұзақ созылмады. Соған қарамастан, екі университет студенттеріне бұл конференция өзге де маңызды тақырыптарда ой қозғауға үлкен бастама болды. МMЛУ студенттерін Евразиялық зерттеу орталығы шеңберінде ұйымдастырылған жазғы лагерьде өз қаламызда асыға күтеміз. Бірге жұмыс жасауға үміт мол, өйткені ендігі болашақ жастардың қолында. Және де біздің еңбек екі мықты мемлекет Ресей және Қазақстанның нәтижелі ынтымақтастығын өркендетуге себеп болуы әбден мүмкін.

     
     

Басылым күні :  26.02.2015