«Training» кафесі

2015 жылдың 18  қараша күні «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценттері Балаубаева Б.М., Чукубаев Е.С., Байкушикова Г.С., Кузембаева А.Б. бастамасымен   Халықаралық қатынастар мамандығының 51 қазақ тобы « өзгеше кафеде кешенді түскі ас » қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл кафеде даяршы болып ментальды мүгедектігі бар адамдар жұмыс жасайды. Барлық жиналған ақша интернат-үйінің ментальды мүгедектігі бар адамдарды психологиялық оңалтуға жұмсалады. 

Басылым күні :  23.11.2015