"ТАН" телеарнасының түсіру тобының келуі

23-ақпан күні Шығыстану факультетінде “Тан” телеарнасының түсіру тобы болды. Жапониядан шақырылған студенттер Шедзи Китамура, Моэ Сато, Наоки Такекава, сондай-ақ Ниномия Такаши мен Асель Бекебасова Жапониядағы атом электр станцияларын пайдалану тәжірбиесі мен олардың қауіпсіздік мәселесін талқылады.

Жапонияның Цукуба университетінен келген студент Шедзи Китамура жапониялық технологиялардың Қазақстанға пайдасын тигізетіндігіне қуанышын білдірді. Бірақ “Жеті рет өлшеп, бір рет кес” дегендей бұл мәселеде мұқияттылық таныту керектігін айтты.

Билік басындағылардың пікірінше, Қазақстанда анағұрлым қауіпсіз болатын атом электр станциясын салудың жоспарда бар екенін айта кеткен жөн. Энергетика министрі Владимир Школьник орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Toshiba Westinghouse жапон компаниясының мердігер болуының әбден мүмкін екендігін мәлімдеді. Toshiba Westinghouse компаниясы АР-100 реакторын құрастырған компания.

Репортаж “Тан” телеарнасының жаңалықтар топтамасында 2015ж. 23-24 ақпанында эфирге шықты. Және телеарнаның сайтына жарияланды.

https://www.youtube.com/watch?v=2cYDPMUe8S8

Басылым күні :  31.03.2015