Жаңалықтар мен хабарландырулар

ЖАҺАНДАНУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

31.01.2024

Академиялық ұтқырлық әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дамуының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жыл сайын студенттерді Жапония және Корея елдерінің әртүрлі университеттеріне жібереді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да «ДЕНСАУЛЫҚ» спартакиадасы өтуде

11.01.2024

2024 жылдың 8-18 қаңтар аралығында университеттің спорт залдарында білім ордамыздың оқытушылары мен басқа да қызметкерлері арасында дәстүрлі «ДЕНСАУЛЫҚ» спартакиадасы аясында түрлі жарыстар өтуде.Спартакиада жарыстарына Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушы- профессорлық құрамы, соның ішінде Қыдырбаев Б.М., Кабделова У., Сайлаукенова Ә.Е., Бегалиева Б.Б. белсенді қатысуда.

Ары қарай оқу >>

Мен Жапонияның ең үздік жоғары оқу орындарының бірі – Васэда университетінде білім алып келдім

10.01.2024

Менің есімім - Сайлау Хаким. Мен - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биылғы түлегімін. 2022 жылдың соңында мен шығыстану факультетінен шетелде оқу бағдарламасына іріктеуден өттім.  Осылай мен Жапонияның ең атақты жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын Токио қаласындағы Васэда университетінде бір жыл оқып келдім. 

Ары қарай оқу >>

Қиыр Шығыс кафедрасында «ТДМ 2: Аштықты тоқтату, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу» атты семинар өтті

19.12.2023

2023 жылдың 14 желтоқсанында Қиыр Шығыс кафедрасында жапонтану бөлімінің 3-курс студенттерінің қатысуымен ТДМ 2: «Аштықты тоқтату, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу» тақырыбында семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Екінші Халықаралық жапонтанушы-студенттердің форумы

13.12.2023

2023 жылдың 12 желтоқсанында Климент Орхидски атындағы София университеті (Болгария), Чанаккале университеті (Туркия), Москва қалалық педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  студенттерінің арасында халықаралық форум өтті. 

Ары қарай оқу >>

Қиыр Шығыс кафедрасында «SDGs 13: Климаттың өзгеруімен күресу» тақырыбында іс-шара өтті

12.12.2023

Университеттің Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Тұрақты Даму Мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуі және оны студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамы арасында одан әрі танымал ету аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында әлеуметтік-танымдық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетінің 4 курс студенттері «Корей баспасөзіндегі мақала атауларының ерекшеліктері және оларды аударудағы қиындықтар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

06.12.2023

Сәрсенбі, 29 қараша күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің 4 курс студенттері корей баспасөзіндегі мақала тақырыптарының қыр-сырлары мен оларды аударудағы қиындықтар туралы ашық сабақ өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Қиыр Шығыс кафедрасында "Тұрақты даму мақсаттары: кедейлікті оның барлық түрлерінде жою» атты іс-шара өтті

04.12.2023

Қоғамдық өмірге белсенді қатысуға ұмтылу және студенттердің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында әлеуметтік-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның тақырыбы «ТҰМ 1: Кедейлікті оның барлық нысандарында тоқтату» кездейсоқ таңдалған жоқ, бұл қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің өзектілігін көрсетеді.

Ары қарай оқу >>