ҚазҰУ-дегі Жапонтану апталығы

ҚазҰУ дегі Жапонтану апталығы басталды…

Форумның басты мақсаты «Campus in Campus» жобасы аясындағы серіктес екі университет студенттерінің өзара тығыз қарым-қатынасын орнату болып табылады. Форумда студенттердің студенттік өмірлері жайлы,күнделікті тіршіліктері  жайлы өзара тәжірибе алмасуы межеге алынған.Форум барысында студенттер жапон және орыс тілдерінде презентациялар көрсетіп, қызықты дисскуссиялар ұйымдастырып, түнделікті тіршіліктері жайлы бір біріне айтып берді. Форумды Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы, Цукуба университетінің өкілі Т. Ниномия қорытындылады. Форум соңында жапонтану бөлімі студенттерінің қонақтарға арналған ән-би шашуы болды. 

Қазақстанға келген Жапонияның Цукуба университетінің студенттері мен доктаранттары өз ара тәжербие мен пікіралмасу мақсатында Адам ресурстарын қорғау Қазақ Жапон орталығына, әл Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кітапханасына барып танысты. Қаламен танысу мақсатында Факультет студенттерімен бірге Алматының көрікті жерлерін аралады.

Басылым күні :  31.03.2015