Жемісті іс-шара

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің ұйымдастыруымен 9.11.2017 және 23.11.2017 күндері Алматыдағы Токио-Мицубиши UFJ Банкі өкілдігінің басшысы Хидеюки Асаноның қаржы сауаттылығы тақырыбына қатысты екі ашық дәрісі өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жан-жақты дамыған, жаһандану заманында бәсекеге қабілетті жастар тәрбиелеу, сондай-ақ жапондық кәсіпкерлермен қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған ашық дәріске жапонтану бөлімінің оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Асано мырза Жапонияның қаржы жүйесінің ерекшеліктерін таныстырудан бөлек, әр адамның өз кіріс-шығысын қалай реттеу керектігі жайлы, депозит және кредит мәселелері туралы әңгімеледі. Ашық дәрістің жапон тілінде жүргізіліп, ізбе-із аударма жасалғаны да жапон тілін үйренуші аудитория үшін үлкен бір жақсы тәжірибе болғаны анық.

Дәріс соңынан Асано мырзамен дәм-тұз татыса отырып сұхбаттасқан жапонтану бөлімінің оқытушыларының аталмыш өкілдікке студенттерді өндірістік практикаға қабылдау мүмкіндігі туралы шешімге қол жеткізгені бұл іс-шараның тағы бір жетістігі десе болады.

 

Басылым күні :  04.12.2017