КОРЕЙ РЕСПУБЛИКАСЫ БАС КОНСУЛДЫҒЫНЫҢ ЕЛШІЛІК САҒАТЫ немесе Корея мен Қазақстан туралы дипломатиялық деңгейде

Қиыр Шығыс кафедрасы 2017 жылы 2 қараша күні арнайы қонақ - Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Джонг Сеунг Минді қарсы алды. Делегация құрамында консул Ким Хен Мин, консулдық қызмет өкілі Чан Пен Хва, консулдың көмекшісі Тен Елена, сондай-ақ бас консулдықтың интерні Ян Чинья болды.

Арнайы дәріс тақырыбы: «Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары». Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың негізгі міндеттері талқыланды. Дәріс студенттер мен оқытушылардың қызығушылығын тудырды. Әртүрлі тілдерде сұрақтар қойылып, докторанттар мен магистранттар сөз таластырып, сұрақтар қойды. ҚазҰУ қабырғасындағы пікірталас платформасы студенттік контингенттің дипломатиялық үнқатысудың жоғары деңгейіндегі пікірталастарға деген сәйкестігін тағы да дәлелдеді.

Басылым күні :  04.12.2017