Мың шақырым арасындағы септіктердің айырмашылығы немесе ҚазҰУ серіктес университеттермен қашықтықты қысқартуда

26 қазан 2017 жылы әл-Фараби ҚазҰУ-ның Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының Корейтану бөлімінде Ханянг университетінің профессоры Хам Ге Им «Орыс және корей тіліндегі септіктердің айырмашылығы» атты тақырыпта арнайы дәріс өткізді. Дәріс  2013 жылы «Korea Foundation» және «Кукмин Банк» қолдауымен ашылған онлайн-класста өткізілді.

2013 жылдан бері ҚазҰУ-ның Қиыр Шығыс кафедрасы мен Ханъянг Университеті (Корей Республикасы) Корей фондының қаржылық көмегімен “Global e-School” онлайн білім беру жобасын іске асыруда. Серіктестіктің сонғы үш жылы ішінде: Корей экономикасы (Han Hong Yul), Корей киносы мен мәдениеті (Lee Hee Won), Солтүстік Корея саясаты (Yim Yong Soon), K-Entertainment келісімі (Seung Kwan No), Солтүстік Корея қоғамы мен мәдениеті (JEON, Young Sun) атты курстар оқылды.

2017-2018 оқу жылдары Қиыр Шығыс кафедрасы «Туризм саласындағы корей тілі» (JEON Young Sun) және «Мәдени дипломатия» (Boram Shin) атты курстарының жеңімпазы болып атанды.

Атап айтқанда, курс тыңдаушылары тек Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері ғана емес, сонымен қоса Философия және Саясаттану факультеті, Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен кафедраның жұмыс берушілері болды.

Басылым күні :  04.12.2017