Қиыр Шығыс кафедрасының студент-еріктілері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің диагностикалық орталығындағы Оңтүстік Корея медициналық мамандарымен тең құқылы серіктес болып табылады.

Қиыр Шығыс кафедрасы оқу бағдарламасына медициналық терминология бойынша жаңа пән енгізді. Бұл кездейсоқ болған жағдай емес. Өйткені, 2017 жылдың күзінде студенттердің біліктілік мінездемесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің диагностикалық орталығындағы Оңтүстік Корея дәрігерлерге тең серіктес болуына сәйкес келеді.

2017 жылғы 18-27 қазан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің диагностикалық орталығында тегін медициналық кеңес өтті. Ёнсе университетінің «Каннам Северанс» және «Шинчхон Северанс» ауруханаларының дәрігерлері жүрек-тамыр аурулары мен жалпы медицина бойынша кеңес берді.

ҚазҰУ мен Ёнсе университеті (Оңтүстік Корея) арасындағы стратегиялық серіктестіктің арқасында қазақстандық университет студенттері мен оқытушылары, Алматы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына Оңтүстік Кореяның алдыңғы қатарлы медициналық мамандарынан тегін қаралуға мүмкіндік алды.

Бұл іс-шараға Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің студенттері мен магистранттары ерікті ретінде аудармашы қызметін атқарды.

Жыл сайын ҚазҰУ мен Ёнсе университетінің арасындағы ынтымақтастық күшейе түсуде, сондықтан тығыз ынтымақтастық біздің шекарамызды кеңейтеді деп сенеміз.

 

Басылым күні :  04.12.2017