Шығыстану факультетінде жапонтану бөлімінің түлегі Голубь Антонмен кездесу өтті

31.03.17 күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде жапонтану бөлімінің түлегі, Жапонияның Токио шет тілдер университетінің магистранты Голубь Антонмен кездесу өтті. Кездесуге факультетіміздің 1-3 курс студенттері қатысты, олар үшін бұл кездесу ҚазҰУ түлегімен тәжірибе алмасып, өздерін бұрыннан қызықтырып жүрген сұрақтарға жауап алуға таптырмас мүмкіндік болды десек қателеспейміз. Студенттер болашақ мамандықтары туралы, Жапонияда білім алу, магистратураға түсу секілді сауалдарға жауап алып, түлегіміздің Жапониядағы өмірі қалай өткендігі жайлы, аудармашы ретіндегі қызметі және альма-матеріндегі оқу жылдары жайлы қызықты әңгімелерін тыңдай алды. Голубь Антон студенттермен аудармашы ретінде болашақ жоспарлары мен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Антонның айтуы бойынша, болашақта ол жапон тілінің мұғалімі ретінде ҚазҰУ-да қызмет атқарғысы келеді екен. Студент кезінде Антон Жапонияның Хоккайдо университетінде 1 жылдық тағылымдамадан өтіп, шешендік өнер сайысына жай қатысушы ғана емес, жүргізуші ретінде де белсенді қатысып, Жапонияда аудармашы ретінде қызмет атқарып үлгерген. Кездесудің соңында, Антон студенттерге уақыт бөліп келгені үшін алғысын білдіріп, келесі ұрпаққа кәделі кеңестер берді.

Басылым күні :  04.12.2017