Корей тілі оқытушылары - Қапшағай мектептерінде

Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының корей тілі оқытушылары мен студенттері 2016 жылдың 13-ақпанында Қапшағай қаласындағы №5 орта мектебінің 10 және 11 сынып оқушыларына арнап кәсіби бағыт-бағдар беру бойынша іс-шаралар өткізіп қайтты. Аталмыш іс-шараның мақсаты – аймақтағы мектептердің 10 және 11 сынып оқушыларына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде оқытылатын мамандықтар мен корей тілі және Кореяға қатысты мамандықтарды таныстыру, сондай-ақ Корея, корей тілі мен мәдениеті, Кореяға оқуға бару мүмкіндіктері жайлы мағлұмат беру. Іс-шара барысында арнайы презентация, видеоролик көрсетумен қатар, Кореяның дәстүрлі мәдениеті – ұлттық желпуіш биі, заманауи K-pop биі мен корей әндері орындалды. Кездесу жоғары деңгейде өтті, әрі оған 70 тен аса оқушылар қатысты. Кездесуге Қапшағай қаласының Білім бөлімінен де өкілдер шақырылды.

Басылым күні :  16.02.2016