Қысқы мектеп – 2016

Қысқы мектеп – бұл студенттерге арналған қысқа мерзімді бағдарлама. Қысқы мектеп кезінде студент өзін ҚазҰУ-дің студенті ретінде сезініп, оқуға ден қоя алады. Шетелдік студенттерге арналған Қысқы мектепті өткізу-шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының дәстүріне айналған.

Университеттің стратегиялық дамуы мен сыртқы академиялық ұтқырлық дамуын жүзеге асрыу үшін Қиыр Шығыс кафедрасы 2015-2016 оқу жылының каникулында қысқы мектепті өткізуді қолға алды. Kookmin университетінің (Сеул қаласы, Корея Республикасы) 17 студенті мен Ryoo Sungchang профессоры 2016 жылдың 18-25 қаңтар аралығында ҚазҰУ университетіне келді. Шетелдік студенттерге «Аймақтану. Орталық Азияның саясаты, экономикасы және мәдениеті» атты курс ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақстан жерінде өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Курстан өткен студенттерге сертификаттар берілді.

Басылым күні :  08.02.2016