«Start up» инновациялық жобасының ашылу салтанаты

28 қазан 2015ж Шығыстану факультетінде «Start up» студенттердің инновациялық жобасы аясында онлайн режимде шет тілдерін оқыту сыныбының ашылу салтанаты өтті.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Start up» инновациялық жобасының мақсаты студенттердің сабақтан тыс уақытта университеттен алған білімдерін пайдаланып, қаражат таба білу жолдарын қарастырады.

2014-2015 оқу жылында Жапондық компания «REAL - Рощиару» және Қиыр Шығыс кафедрасы арасында келісімшарт жасалған болатын. Сол келісімшарт нәтижесінде Қиыр Шығыс кафедрасының жапон бөлімінің студенттері Жапониядағы бизнесмендерге сабақтан бос уақыттарында орыс және қазақ тілдерін онлайн режимде оқытып,оқытқан сабақтарының сағат бойынша төленетін ақыларын алып жүр.

Студенттердің сабақтан бос уақыттарында университет қабырғасында жүріп жұмыс істеулерінде жағдай жасау мақсатында шығыстану факультеті 534 аудиторияны арнайы онлайн жүйесінде сабақ өту үшін белгілеп, Жапония компаниясы «REAL - Рощиару» келісімшарт бойынша жұмыс істейтін студенттерді қажетті жабдықтармен қамтамассыз ету үшін арнайы жабдықтарын алып келіп, 534 аудиторияға орнатты.

 

Басылым күні :  30.10.2015