«Green Campus» бағдарламасы аясында «Бөлме өсімдіктерін аурулардан қорғау және олардың алдын алу» тақырыбында өткізілген іс - шара

2017 жылы желтоқсанның 8 – ші жұлдызында Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының оқытушылары мен «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 4 курс студенттері «Green Campus» бағдарламасы аясында «Бөлме өсімдіктерін аурулардан қорғау және олардың алдын алу»  тақырыбында іс - шара ұйымастырды.

Іс - шара мақсаты: Бөлме өсімдіктерін зиянкестер мен инфекциялық аурулардан қорғау мәселесін айқындау.

Өткізілген іс-шара барысында студенттер бөлме өсімдіктеріне дәлдікпен анықтау әдістерін қолданып мониторинг жасады. Зерттеу жұмыстары негізінде бөлме өсімдіктерінің  фитопатологиялық ауру түрлері (зиянкестердің және инфекциялық ауру қоздырғыштардың түрлері мен олардың таралу дәрежесі, өсімдіктерді күтіп – баптаудың дұрыс орындалмауы нәтижесінде туындаған залалдар) мен зақымдану дәрежелері анықталды.

Сонымен қатар, патологиялық жағдайдың дамуы мен зақымдану салдарларына тиісті болжамдар жасалды, бөлме өсімдіктердің ауруларын алдын алудың профилактикасы және ауруларға шалдыққан өсімдіктерді емдеу  шаралары орындалды.

Студенттер фитопатология саласы бойынша алған теориялық және практикалық білімдерін көрсете отырып, бөлме өсімдіктерінің  ауру түрлерін айқындау мен диагностикалау және өсімдіктерді аурулардан емдеу мен профилактикалық әдістерді орындау бойынша   игерген білімдері мен дағдыларын жоғары дәрежеде көрсете білді.  

Өткізілетін орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биотехнология кафедрасы, вестибюль - 4 қабат,  өткізілген уақыт: 15:00 сағат.

Ұйымдастырушы оқытушылар: б.ғ.к., доцент    Асрандина  С.Ш., б.ғ.д., профессор    Атабаева С.Д., х.ғ.д., профессор   Шоинбекова  С.А., б.ғ.к., доцент        Ерназарова Г.И.

Басылым күні :  19.12.2017