"Төмен көміртекті даму мақсаттары" ашық кураторлық сағаты

2023 жылғы 17 қазанда "Экология" мамандығының 1 курс студенттері үшін "Төмен көміртекті даму мақсаттары" ашық кураторлық сағаты өткізілді. Іс-шараны тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушылары Хамитова К.К. мен Мухитдинов А.М. ұйымдастырды.

Ашық сабақтың мақсаты климаттың өзгеруіне қарсы шаралардың бірі ретінде төмен көміртекті саясаттың дамуын талқылау болды. Студенттер мен оқытушылар арасында "Климаттың өзгеруіне қарсы күрес" ТДМ 13-ке қол жеткізу үшін ауаның сапасын басқару, Қазақстанның төмен көміртекті экономикаға көшуі мәселелері бойынша диалогтар жүзеге асырылды. Студенттер "ҚР-ның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы" қағидаттарымен танысты. Бұл стратегия көміртегі шығарындыларын нөлге дейін төмендету бойынша өршіл мақсаттарды белгілейді және қажетті инновациялық технологиялық шешімдерді айқындайды. Өткізілген кураторлық сағат студенттерге қысқа мерзімде көміртегі шығарындыларының нөлдік деңгейіне жету қажеттілігі туралы өз қорытындыларын жасауға мүмкіндік берді.

Басылым күні :  17.10.2023