V Халықаралық Фараби Форумының секция мәжілісі

 

2018 жылы 4 сәуірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасында V Халықаралық Фараби Форумның «Ғылыми метрия және қоғамның ғылыми-технологиялық дамуын басқару» секциясының мәжілісі өтті. Мәжілісте ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің ғалымдары, ҚХР Іле педагогикалық университетінің профессоры М.Есжанұлы, Эрзинджан университетінің (Түркия) профессорлары И.Кекюсары, М.Чичек, АЭБУ докторанты С.Байпақбаева баяндама жасады.

Секция жұмысы бойынша келесі ұсыныстар жасалды: Қазақстан ғалымдарының ғылымиметриялық көрсеткіштер бойынша базасын жасау және оны ғылыми жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану, Хирш индексі 3-тен жоғары докторанттарды қорғау процедурасынсыз ғылыми дәрежеге ұсыну, конференцияларға қатысуға және ғылыми жобаларды дайындауға өндіріс өкілдерін тарту.

Басылым күні :  09.04.2018