«Аграрлық өндіріс пен қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі заманғы технологиялық аспектілері» атты ХІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2017 жылдың 9-11 қарашасында «әл-Фараби» Ғылыми кітапханасында «Аграрлық өндіріс пен қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі заманғы технологиялық аспектілері» атты ХІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы, daRostim технология, білім және ғылым трансфері агенттігі (Германия) және Қолданбалы биотехнология институты (Германия) ұйымдастырды. Конференция жұмысына Германия, Ресей және Қазақстаннан 50-ден аса жетекші ғалымдар қатысты. Пленарлы баяндамаларды Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ бас директоры А.С.Сапаров, Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ бас директоры А.О.Сағитов, Қолданбалы биотехнология институтының директоры В.Новик, Қазақ картоп және көкөніс өсіру ҒЗИ бас директоры Т.Е.Айтбаев және т.б. жасады. Конференцияда фитогормондар, гуминді заттар мен басқа да биологиялық белсенді қосылыстарды зерттеу және олардың табиғи экожүйедегі орны, қоршаған ортаны қорғау үшін аграрлық өндірістегі биотехнологияның даму мәселелеріне басты назар аударылды.

Басылым күні :  14.11.2017