VIVIII Халықаралық «Жанғыштығы төмендетілген полимерлі материалдар» конференциясы

2017 жылдың 6-8 маусымында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында VIII Халықаралық «Жанғыштығы төмендетілген полимерлі материалдар» конференциясы өтті. Конференция көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі Болат Ахметұлы Жұбановты еске түсіруге арналды. Конференцияны университетпен бірге РҒА Н.Н.Семенов атындағы Химиялық физика институты, Ресей ТЖМ Өртке қарсы мемлекеттік қызмет академиясы, Волгоград мемлекеттік техникалық университеті, Ұлттық зерттеу Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті, ҚР ІІМ Көкшетау техникалық университеті ұйымдастырды.

Ғылыми конференцияның негізгі бағыттары: полимерлердің термототықтырғыш деструкциясы мен пиролизі, полимерлі материалдардың жану теориясы, полимерлердің жануының жаңа ингибиторларын синтездеу және әсер ету механизмі, материалдар мен конструкциялардың экологиялық және өртке қарсы қауіпсіздігі, полимерлі материалдардың өрт қауіптілігін бағалау әдістері, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды талдау.

Конференция баяндамаларының жаңа композициялық материалдар өндірісі, құрылыс, ғимараттар мен конструкцияларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзектілігі және маңызы өте жоғары.

Басылым күні :  20.06.2017