«5В072100 – Органикалаық заттардың химиялық технолгиясы» Мамандығы бойынша пәндік студенттік олимпиада жайлы ереже (30-31 наурыз 2016 ж.)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультеті «5В072100-ОЗХТ» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасы өтетіні туралы хабарлайды және оның негізгі ережелерімен танысуды ұсынады.

 

«5В072100-ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

(2016 жыл 30-31 наурыз)

 

бұл ереже студенттердің пәндік Олимпиадасын (ары қарай Олимпиада) ұйымдастыру және өткізу тәртібін, оның ұйымдастырылған әдістемелік қамтамасыз етілуін, қатысуын және жеңімпаздарды анықтайды.

1. Жалпы ереже.

1.1. «5В072100-ОЗХТ» мамандығы бойынша студенттердің республикалық пәндік олимпиадасы – бұл жоғары оқу орындарының «5В072100-ОЗХТ» мамандығы бойынша студенттерінің іштей жарысы. Олимпиада кезінде қатысушы студенттердің білімі, істей алуы және дағдысы тексеріледі және жеңімпаздар анықталады.

Олимпиада миссиясы: жастарда шығармашылық ойлауды қалыптастыру және химия саласында студенттердің ғылыми-зерттеулік қызығушылығын арттыру.

1.2. «5В072100-ОЗХТ» мамандығы бойынша студенттердің пәндік олимпиадасы жылына бір рет Республикалық деңгейде өткізіледі.

1.3. Олимпиаданы өткізу бойынша ұйымдастырушы комитеттің тобы, әл- Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті жалпы әдістемелік, ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз етеді.

2. Олимпиаданы ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету

2.1. Құрамы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ анықтайтын және бекітетін Олимпиаданы ұйымдастырушы комитет Олимпиаданың ұйымдастырылуы және өтуіне басшылық етеді.

2.2. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау үшін қазылар алқасы жасалады.

3. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Олимпиаданы өткізу шарттары:

3.1.1. Олимпиадаға «5В072100-ОЗХТ» мамандығы бойынша ЖОО-ның іштей оқитын барлық курстарының іштей оқитын студенттері қатыса алады.

3.1.2. Олимпиада оқу орындары арасында жеке, топтық біріншілікті анықтау үшін жүргізіледі.

3.1.3. Әрбір оқу орны құрамында 3-5 адамы бар 1 (бір) ғана топты қатыстыра алады. Олимпиада өткізетін ЖОО 2 топты ұсына алады.

3.1.4. Жеке біріншілікте жеңімпаз ретінде Олимпиаданың бірінші және екінші турларында ең жоғары балл жинаған қатысушы анықталады.

3.1.5. Топтық құрамда жеңімпаз ретінде Олимпиаданың бірінші және екінші турларында ең жоғары орташа балл жинаған ЖОО-ның тобы анықталады. Олимпиада қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы әрбір орын жеңімпаздарын топтық есеп бойынша анықтайды.

3.2. Олимпиаданы өткізу ережесі:

3.2.1. Олимпиада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінде 2 турда өткізіледі. Осыған сәйкес ұйымдастырылады және өткізіледі:

1) бірінші тур – тестілеу, мұнда Олимпиада қатысушылары келесідей курстарды қамтитын тест сұрақтарына жауап береді:

1. алифатты қосылыстардың органикалық химиясы

2. химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары

3. жалпы химиялық технология

4. негізгі органикалық синтездің химиялық технологиясы

Тест тапсырмасы әрқайсысы болжаулы 1-ден 3-ке дейін дұрыс жауаптары бар 300 сұрақтан тұрады.

2) екінші тур – ғылыми жобаны қорғау (баяндама ұзақтығы 15 мин). Әрбір команда 1 (бір) органикалық заттардың химиялық технологиясы бойынша ғылыми жоба ұсынады. Жоба қағаз (жұмсақ түптелген түрде 3 дана) және электронды (Power Point) түрде болуы тиіс. Ғылыми жоба келесідей белгілерге сәйкес бағаланады:

  • ·         Тақырыптың өзектілігі
  • ·         Ғылыми жаңалығы
  • ·         Жобаның өңделу дәрежесі
  • ·         Баяндамашының сөздік шеберлігі
  • ·         Қазылар алқасының сұрақтарына жауаптың толықтығы

3.3. Қазылар алқасының шешімі бойынша Олимпиаданы ұйымдастырушы комитет қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттайды.

3.4. Жеңімпаздар (бірінші, екінші және үшінші орын) дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Дипломдар және сыйлықтар Олимпиада аяқталған соң салтанатты түрде беріледі.

3.5. Олимпиадаға қатысуға топтың өтініші қабылданбауы және қатысуға рұқсат етілмеуі келесі жағдайларға байланысты болуы мүмкін:

  • ·         Конкурстық өтінішті уақытында өткізбеуі;
  • ·         Олимпиада талаптарына өтініштің сәйкес келмеуі;
  • ·         Қажетті құжаттардың толығымен өткізілмеуі немесе сәйкес келмеуі.

3.6. Олимпиадаға қатысуға ЖОО-нан ұжымдық өтініш 2016 жылдың 25наурызына дейін мына электронды мекен-жайға rashid76@inbox.ruқабылданады.

4. Олимпиада бағдарламасы:

30 наурыз, сәрсенбі

1000, химия және химиялық технология факультетінің малахит залы – Олимпиаданың салтанатты ашылуы;

1100-1400, компьютерлік сынып - тестілеу;

1400- 1500– түскі ас;

1500-1800, 427 ауд. – ғылыми жобаны қорғау.

31 наурыз, бейсенбі

900-1110 – экскурсия

1130-1230, малахит зал – нәтижелерлерді айту және жеңімпаздарды марапаттау.

5. Олимпиаданы қаржыландыру

5.1. Олиампиадаға қатысу (жол, тәуліктік, өмір сүру) жіберуші жақтан қаржыландырылады;

5.2. Барлық ұйымдастырушылық шығындарды (тапсырмаларды, дипломдарды, мақтау қағаздарын дайындау, қағаз, кеңсе заттарын алу және т.б.) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қаржыландырады.

6. Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне құжаттарды өткізу тәртібі

Қатысушыларды тіркеу үшін ЖОО келесі құжаттарды өткізеді:

  • ·         қатысушы өтініші (форма бойынша)
  • ·         қатысушының сынақ кітапшасының көшірмесі немесе «5В072100-ОЗХТ» мамандығы көрсетілген оқу орнынан анықтама.

Олимпиадаға қатысуға келген топ мүшелері өздерімен бірге жеке куәліктерін және сынақ кітапшаларын (төлнұсқа) ала келуі керек.

Қосымша ақпарат бойынша химия және химиялық технология факультетінің СҒЗЖ төрағасы, х.ғ.к. Надиров Рашид Казимовичке мына телефон бойынша 8(747)4520525 немесе ғылыми жұмыс бойынша декан орынбасары, х.ғ.к., доцент Мылтықбаева Жаннұр Каденовнаға мына телефон бойынша 8(727)2211503, 87014787046 Zhannur.Myltykbaeva@kaznu.kz хабарласуға болады.

 

 

«5В072100-ОЗХТ» мамандығы бойынша студенттердің республикалық пәндік олимпиадасына қатысуға өтініш

1. Қатысушының аты-жөні (толығымен): _______________________________

2. Оқу орны (оқу орнының атауы, курс, орыс немесе қазақ бөлімі):_________

3. Телефоны:____________________________________________________

4. e-mail:_______________________________________________________

5. Топтың атауы және ұраны:______________________________________

6.Топтың жетекшісі (бар болса):____________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  17.03.2016