СТУДЕНТТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАЙҚАУЫ

24.03.2023

Көрулер: 3148

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базалық ЖОО ретінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 2023 жылдың 15 наурызындағы №06-2/83-вн хатына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша жыл сайын өткізілетін республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы байқауының 2 айналымы туралы хабарлайды.

Байқауға арналған жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсыруларыңызды сұраймыз:

-  қағазда («СҒЗЖ республикалық байқауына» белгісімен) мына мекен-жай бойынша: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, КеАҚ «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ».

-  электронды пошта арқылы, e-mail: nurgul.yedrenova@kaznu.edu.kz

Байқау жұмыстары 2023 жылдың 29 сәуіріне дейін «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми жобаларының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар» талаптарына сәйкес қабылданады.
Байланыс тел.: 8(727) 337 33 33 (іш.:11-62)

 

Рекомендации по НИРС.doc

Перечень специальности конкурса НИРС на 2023 год _