Студенттердің Ғылыми Қоғамы

 

Студенттер ғылыми қоғамы (СҒҚ) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттердің ерікті бірігуінен құрылған, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық жұмыстармен айналысатын қоғамдық ұйым болып табылады.

Студенттер ғылыми қоғамы СҒҚ студенттердің әдіснамалық дайындығын жоғарлату, шығармашылық ойлау мен зерттеу жұмыстарына икемділігін дамыту, ұйымдардың негізін үйретуге және ғылыми жұмыстарды өткізуге әсер ететін қоғамдық ұйым болып табылады. Студенттердің ғылыми жұмыстары оқу үдерістерімен яғни, ЖОО ғылыми, өнертабыстық, өнертапқыштық жұмыстарымен тығыз байланыста өткізіледі.