Жоғары білім жүйесіндегі сапа

19.09.2018

Көрулер: 2975

2018 жылдың 21 қыркүйегінде ҚазҰУ-да XVI Азиялық сапа бойынша конгресс аясындағы «Жоғары білім жүйесіндегі сапа» атты халықаралық симпозиум өз жұмысын бастайды.

Халықаралық сапа академиясы (IAQ, USA) Қазақстан сапа және инновациялық басқару ұйымымен (KOQIM, Kazakhstan) бірлесе ұйымдастырылып отырған симпозиумның негізгі мақсаты жоғары білім жүйесіндегі сапа мәселелері бойынша диалогты дамыту мен іске асыру болып табылады.

Симпозиум отандық және АҚШ, Қытай, БАӘ, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің жетекші университеттерінің тәжірибесін негізге ала отырып, жоғары білім беру сапасының өзекті мәселелерін және жаңа үрдістерді талқылауға кең ауқымда академиялық және ғылыми қоғамдастықты тартуға мұмкіндік береді.

Өтетін орны: Механика-математика факультетінің Қызыл залы

Өтетін уақыты: 14.30-17.00

Тіркелу: 14.00

Ұйымдастырушылар: Білім беру бағдарламаларының сапасы және аккредитациялау орталығы, Аккредитация және лицензия қызметі.

Байланыс ақпараты: Аккредитация және лицензия қызметі, Деловарова Л.Ф., 377-33-33 (1459), +7 701 365 88 08.