М.Қ. Наурызбаев кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді

21.05.2018

Көрулер: 3845

2018 жылдың 30 мамырында ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде «Қазақ университеті» баспасынан «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген Мемлекеттік сыйлық лауреаты, ҚР ҰҒА академигі Наурызбаев Михаил Қасымұлының өмір жолына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді.

Михаил Қасымұлы Наурызбаев (21.5.1942 ж.т.,Алматы қ.) – техникалық ғылым докторы (1992), профессор (1992), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (2000). ҚазМУ-ды (1965, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазМУ-да ғылым-зерттеуші жұмыстарымен айналысып, (1965–1988) басшылық қызметтер атқарды.  

Өтетін орны мен басталу уақыты: химия және химиялық технология факультеті 233 ауд. сағ 12.00