COMSATS Үйлестіру кеңесінің ХХІ отырысы

28.03.2018

Көрулер: 2985

COMSATS Үйлестіру кеңесінің ХХІ отырысы 

2018 жылдың 3-4 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Оңтүстікте тұрақты даму үшін ғылым мен технология бойынша комиссия (COMSATS) Үйлестіру кеңесінің ХХІ отырысы өтеді. Бұл шара Қазақстан мен посткеңестік аумақта алғаш рет ұйымдастырылуда.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Азия, Африка және Латын Америкасының 25 мемлекетін біріктіретін беделді халықаралық үкіметаралық ұйымның ТМД-дағы жалғыз мүшесі. Университет COMSATS-тың бірлескен оқу және ғылыми жобаларына белсенді атсалысуда. 

Отырысқа 50-ден астам танымал шетелдік сарапшылар мен ғалымдар, жетекші ғылыми-зерттеу орталықтар мен университеттердің басшылары қатысады. 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

 

8 (727) 377 31 48

Programme_21st CC Meeting.docx