Ханымдар мен Мырзалар!

08.12.2017

Көрулер: 3011

Ханымдар мен Мырзалар!

БҰҰ-ның көмек көрсету орталығы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дың Халықаралық Қатынастар факультеті Алматы қ. БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат Департаментімен бірлесе отыра сіздерді 2017 ж. 11 желтоқсан күні "Қазіргі  замандағы адам құқығы: негізгі тәсілдері, мәселелері мен болашағы" атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады. Халықаралық коғамдастық 10 желтоқсан xалықаралық адам құқығы Күнін(Human Rights Day)атап өтеді.
1948 жылы дәл осы күні БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы адам құқықтары жөніндегі алғашқы әмбебап xалықаралық акт болып табылатын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Бұл күн Бас Ассамблеяның барлық мемлекеттер мен мүдделі ұйымдарды әр жылдың 10 желтоқсан күнін Адам құқығы күні ретінде бекітуге шақыратын қарар 423(V)  кабылдағаннан кейін , алғаш рет 1950 жылы тойлана бастады. Дөңгелек үстелді өткізу бастамасы Халықаралық қатынастар факультетіндегі ағылышын бөлімінің 2 курс студенттеріне тиесілі, олар Адам құқықтарын қорғау және кеңейту мәселелері бойынша пікірталасқа жастардың белсенді қатысуы барлық деңгейдегі мәселелерді шешуге өз үлесін қосатынына сенімді.

Өткізу уақыты: 15.00-17.00

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті,

Қарасай батыр, 95, 210 аудитория.  

Байланыс ақпарат: Деловарова Лейла Федоровна, 8 701 365 88 08.