«Инновациялық идея – сәттілікке апарар жол!»

28.03.2017

Көрулер: 4257

31 наурыз 2017 жылы  Алматы қаласында «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары арасында «Инновациялық идея – сәттілікке апарар жол!» атты тақырыпта IX Республикалық студенттер арасындағы олимпиада өткізіледі. Оның ұйымдастыршылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы болып табылады.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары арасындағы Республикалық студенттер арасындағы олимпиада жыл сайын өткізіліп, менеджерлер жобасының одағымен тығыз қарым қатынаста жүргізіледі. Қолдау көрсететін демеушілер: KIPA card, Dass and Partners компаниялары және Buenos сұлулық академиясы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ барлық іс шаралардың ұйымдастырушысы ретінде қатысады.

Олимпиадаға Қазақстанның 10 аймағынан келген 21 команда (шамамен 105 қатысушы және 21 жетекші) қатысады. Қазылар алқасының құрамында «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының профессорлары мен оқытушылары және олимпиада демеушілерінің өкілдері мен жұмыс берушілер қатысады.

 

A15E3B4, Алматы қаласы, аль-Фараби даңғылы - 71, ГУК 3Б, Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы, тел. 8-727-221 12 48. Олимпиада жайлы ақпаратты мына сайт арқылы алуға болады: www.kaznu.kz.

e-mail: Olimpiada.kaznu@gmail.com 

Ұйымдастыршылар комитетінің мүшелері «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы: оқытушы Турлыбекова Н.М., Кожахметова Ә.К., Шуренов Н.Б.

Тел: +77026247005