Орта Азиядағы корейтану ғылымы және Кореядағы сандық гуманитаристика

21.12.2016

Көрулер: 4269

Қиыр Шығыс кафедрасы Ханкук шет тілдер университетімен бірге «Орта Азиядағы корейтану ғылымы және Кореядағы сандық гуманитаристика» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізеді.

Конференция барысында Орта Азиядағы корейтану ғылымының дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланады. Ханкук университетінің профессорлары, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан жоғары оқу орындарының ғалымдары сарапшы ретінде өздерінің бағасын беріп, соңғы зерттеулер аясында болашақ әріптестіктің мүмкіндіктерімен таныстырады.  

Конференцияға корейтану саласында зерттеу жүргізіп жүрген немесе қызығушылық танытқан отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер шақырылады.

Конференция 2016 жылғы 22-23 желтоқсанда өтеді. 

Өтетін уақыты: 09.00 – 17.00

Өтетін орны: Қарасай батыр, 95, шығыстану факультеті, 503 аудитория (5 қабат)