Ә.Бөкейханов және Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері

18.10.2016

Көрулер: 5385

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына, 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына және Ә.Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай 4 қараша 2016 жылы «Ә.Бөкейханов және Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.  

Конференция мақсаты – Қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстар мен олардың жетекшілері туралы және Ә.Бөкейханов пен ХХ ғ. басындағы қазақ ұлтының саяси қайраткерлерінің өмірі мен саяси-қоғамдық қызметтері туралы тың деректерге негізделген ғылыми тұжырымдарды талқылау.

Конференция барысында төмендегідей секциялар жұмысы жоспарланған:

  1. Ә.Бөкейханов және ХХ ғ. басындағы ұлт қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметтері
  2. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс және ұлттық мемлекет құру жолындағы күрестер
  3. Тәуелсіздік және «Мәңгілік ел» идеясы.

 

Конференция жұмысына қатысуға Отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар мен магистранттар шақырылады. 

 

Конференция  бағдарламасына кіргізіп, жинағын дайындау үшін 2016 ЖЫЛДЫҢ 25 қазанына ДЕЙІН толтырылған тіркелу формасын, 5-7 бетке дейінгі көлемдегі Microsoft Оffice Word (2003, 2007) арқылы терілген мақалаларыңызды«конференцияға» деген айдармен флэш-тасымалдаушыда сақталған және А4 форматындағы қағазға шығарылған нұсқасын  (материал кері қайтарылмайды) ұйымдастыру алқасына жіберу қажет. Мекен-жай: 140000, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, БОҒ 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-87), 87078737923, e-mail: b_madina.d@mail.ru

 

Баяндамалардырәсімдеугеқойылатынталаптар:

  • ·      шрифті Times New Roman, (12 pt); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол – 3 см, оң – 1 см, абзац– 0,6 см.;
  • ·  жоғарғы жағында баяндама тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні,  жұмыс орны, қаласы, тағы 1 интервалдан кейін мәтін 
  • ·  суреттер (ақ-қара түсті) 300 dpi –ден кем емес JPEG, JPG  форматында сканерленген  болуы шарт

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

 

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

А.М.Уразбаева

т.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті

Алматы қ., Қазақстан Ресупбликасы

 

*********************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************************

 

  1. с.

 

Жинаққа ұсынылатын материалдарыңыз қатаң редакцияланған,  талапқа сай болуы тиіс. Баяндама мәтіні мен мазмұнына автор жауап береді. Мақаланы қабылдау, жариялау туралы шешімді Ұйымдастыру алқасы қабылдап 3 күн мерзімнің ішінде электронды адреске жауаптарын жібереді.  Конференция жинағы ұйымдастырушылар қаржысына шығарылады. 

 

Конференцияға қатысушылардың жолы, қонақ үйі, тамағы конференцияға қатысушылардың тарапынан төленеді.

 

 

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

 

Тегі ______________________________________________________________

Аты_______________________________________________________________

Әкесініңаты (толық)____________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, лауазымы_________________________________________________________

Жұмысорны (елі, ұйымныңтолықатауы, кафедрасы)____________________

__________________________________________________________________

Мекен-жай ________________________________________________________
Байланыс телефон
дары______________________________________________

E-mail_____________________________________________________________

Секция____________________________________________________________

Баяндаматақырыбы ________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мен:

¨     Секция отырысында  баяндама жасаймын;

¨     Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;

¨ Сырттай қатысамын.

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУАЛҚАСЫ!