БАСПАСӨЗ - ХАБАРЛАНДЫРУ

02.06.2016

Көрулер: 3563

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2016 жылдың 6 маусымында  сағат 1500–де ректорат ғимаратынының 15 қабатында (әл-Фараби даңғылы 71,  Алматы қ.)  тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ресми ашылу рәсімі өтеді.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кеңесінің және ректораттың біріккен мәжілісінде ЮНЕСКО мен университет арасында ресми келісім шартқа қол қойылып, Тұрақты даму бойынша кафедрасына ЮНЕСКО халықаралық дәрежесі тағайындалады. Іс-қағаздарға қол қою рәсіміне келесі қонақтар шақырылды: ЮНЕСКО және ИСЕСКО ісі бойынша ҚР комиссиясының бас хатшысы А.С. Утегенова, Алматыдағы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша ЮНЕСКО кластерлік бюросының директоры А.С. Шевелев және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ғ.М. Мұтанов. 

ҚазҰУ бірнеше жыл бойы өркениеттер, мәдениеттер және халықтар арасындағы диалог үшін жағдайлар жасау бойынша БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның ұстанымдары мен бастамаларын ілгерілету жөнінде белсенді жұмыс жүргізіп келеді. 2014 жылдан бері университет БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының Ғаламдық Хабы болып табылады. 1996 жылдан бері университетте БАҚ, журналистика және медиабілімнің даму саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыратын журналистика және коммуникация бойынша ЮНЕСКО кафедрасы жұмыс жасайды.