О.О.Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-зерттеу конференциясы өтеді

03.05.2016

Көрулер: 3985

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Олжас Сүлейменов атындағы ғылыми-зерттеу орталығы және «Олжас кітапханасы» баспа үйімен бірлесе отырып белгілі қазақ ақыны, жазушы, ғалым және Халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі, «ХХІ ғасыр адамы» атағының иегері О.О.Сүлейменовтың 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-зерттеу конференциясын өткізуде.

Пленарлық отырыста кіріспе сөзін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик, техника ғылымдарының докторы Мұтанов Ғ.М. айтады. 

Конференцияда Олжас Омарұлы Сүлейменов; Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы Н.Н.Оразалин; Қазақстанның қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, публицист Әуезов М.М.; ф.ғ.д., профессор РҰДУ Бахтикиреева У.М.; ф.ғ.д., профессор, Рудаки атындағы әдебиет және тіл Институтының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сатторзода А. (Тәжікстан);  ҚР ҰҒӘ М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институтының директоры Қалижанов У.Қ.; ҚазССР мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері, Д.А.Қонаевтің көмекшісі Владислав Владимиров;  «Простор» журналының бас редакторы  В.Ф.Михайлов; журналист Л.К. Шашкова; ақын Н.М. Черноваф.ғ.д., әл-Фараби ҚазақҰУ-нің профессоры , жазушы  Жақсылықов А.Ж. және  Сағындықова Н.Ж.; қоғам қайраткері, публицист Қуттықадам С.; ҚР ҰҒӘ М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институтының бөлім меңгерушісі Ананьева С.В.  

Секциялық отырыста мәдени және тілдік байланыстың негізгі мәселелері бойынша, мәдениет мәнмәтініндегі Олжас Сүлейменов поэтикасы, көркем мәтінді талдау мәселесі және мектептер мен жоғарғы оқу орнындарында орыс тілі мен орыс әдебиетін  оқытуды жүзеге асыру мәселелері төңірегінде Қазақстан, Ресей, Түркия  ғалымдарының баяндамалары оқылатын болады.

Аталмыш мереке қазақ ақыны әрі ойшылы О.Сүлейменовтың өнеріне деген үлкен қызығушылық тудыратыны, сондай-ақ Қазақстанның мәдени өмірінде есте қалар оқиға болары анық. 

Конференцияға қатысуға барлық қалаушылар,  ақындар мен жазушылар, танымал қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері шақырылады.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ғылыми кітапхана конференц-залы  (4 қабат).

Уақыты: 11.00 -13.00 с. 05.05.2016

Байланыс телефондары: 8-707-555-26-00 (Энкар Толымхановна)

                                      8-701-414-35-70 (Сафар Абдуллоевич)