Қазақстан және Иран: мәдениеттер тоғысындағы интеграциялық үрдістер

01.04.2016

Көрулер: 3558

Иран мен Тұран қарым-қатынастарының тарихы тым тереңде жатыр. Ежелден басталған саяси-тарихи байланыстар Ислам мәдениеті мен өркениеті деген ұғымның аясында одан әрі нығая түсті. Содан мәдени және әдеби байланыстарға кеңінен жол ашылып, екі халыққа ортақ рухани құндылықтар пайда болды. Соңғы жылдары саяси-экономикалық байланыстар нығайып, тарихы тереңде жатқан тарихи-мәдени байланыстар қайта жанданып келеді. Осы байланыстардың тарихына терең бойлап, алдағы міндеттерді ғылыми тұжырымдау қажеттілігі туындап отыр.

Конференцияның мақсаты: Қазақстан мен Иран арасындағы қоғам мен саясат, мәдениет пен ғылым, білім салаларындағы ынтымақтастықтың тарихын, қазіргі ахуалын және даму болашағын кең ауқымда талқылау, тарих қойнауында қалып қойған мемлекетаралық байланыстарды жаңғырту жолдарын саралау, ортақ мәдени және рухани құндылықтардың тарихи негіздерін зерделеу.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Қазақстан мен Иран ғалымдары арасындағы ғылыми диалогты нығайтуға үлкен үлес қосады деп жоспарлануда, сондай-ақ тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтауда жалпы ғылыми әдістерді анықтауға және қазіргі кезеңгі байланыстың нығая түсуіне ықпал етуді көздейді.

Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар қатысады.

 

 

Конференция тақырыбы: «Қазақстан және Иран: мәдениеттер тоғысындағы интеграциялық үрдістер» атты кезекті II Халықаралық ғылыми-теориялық конференция

Өтетін жері: Алматы қ., Әл-Фараби көшесі, 71., Әл-Фараби ат. ҚазҰУ Ұлттық кітапханасы

Уақыты: 05 сәуір 2016 ж.

Сағат: 10:00

Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан) мен Шаһид Беһешти университеті (Иран Ислам Республикасы).