Шығыстану факультетінің ғылыми мектебі

Шығыстану факультетінде ғылыми мектептердің негізін оның алғашқы деканы (1989-91 жж.), және университеттің тілдер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры (1991-97 жж.) проф. Ә.Б. Дербісәлі салды. Ғалым факультетке Мәскеу, Ленинград, Ташкент, Душанбе университеттерінің түлектерін шақырып, сапалы мамандар дайындауға үлкен мән берді.

Бүгінгі күні алты кафедра мен 2 ғылыми орталыққа топтасқан факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы Түркия, Пәкістан, Индия, Иран, Корея, Жапония, Қытай, араб елдерінің тілі мен әдебиеті, мәдениетін, тарихы мен философиясын жан-жақты танып білуге көзделген ғылыми зерттеу жұмыстарын жасап жатыр. Шығыс елдері халықтарының тілі мен әдебиетін ана 00 туындыларымен салыстыра зерттеуге бағытталған лингвоелтану, этнолингвистика, лингвомәдениеттану сияқты салалар бойынша іргелі және инновациялық ғылыми жобалар жүзеге асуда.

Қытайтану ғылыми мектебінің негізін салушы профессор Н.Ә. Алдабек - бірнеше ғылым кандидатты дайындады және ғалымның бастамасымен факультетте (PhD) докторантура ашылды.

Қазіргі араб әдебиетінің маманы проф. Г.Е. Надирова Ташкенттің мемлекеттік шығыстану институтында қорғаған бірнеше аспиранттың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді. бүгінде еліміз үшін (PhD) докторанттар дайындауға ат салысып жүр.

Профессор Г.Н. Кимнің есімі біздің елімізде ғана емес, Корей тарихы саласы бойынша танымал ғалым ретінде алыс және жақын шетелдік ғылыми ортаға да жақсы таныс.

Ирантану ғылымының негізін факультеттің 1991-1992 жж. деканы, проф. Л.З. Рүстемов салды. Проф. Ө.К. Күмісбаев ұзақ жылдар бойы иран әдебиетін зерттеп келеді.

Жалпы тіл білімініңмаманы әрі лингвист ғалым ретінде проф. Р.Ә. Авакова да бірнеше ғылым кандидатын дайындады.

Әлемдік ғылым мен өркениеттер жүйесінде өзіндік орны бар зерттеулер Қазақстан Республикасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің негізінде жүргізіліп келеді және бұл салада жасалған нақты қадамдар отандық шығыстану ғылыми мектебінің қалыптасуына ықпал етіп отыр.