ЕСЕПТЕУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ СТАТИСТИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ 2 КУРС ДОКТОРАНТЫ МАРАТ ГАУХАР ӨЗІНІҢ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫН ЗЕРТТЕУ АЯСЫНДА 04.01.2024-17.02.2024 АРАЛЫҒЫНДА ФРАНЦИЯНЫҢ ЛА-РОШЕЛЬ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЛА-РОШЕЛЬ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

14.03.2024

Көрулер: 169

Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының 2 курс докторанты Марат Гаухар профессор Джульен Бергердің басшылығымен 4 қаңтар мен 17 ақпан аралығында Франция, Ла-рошель, Ла-Рошель университетінің, LaSIE лабораториясында зерттеу тағылымдамасынан өткендігі куәландырылады.

Бұл ғылыми тағылымдама оның "Сызықтық емес гиперболалық жылуөткізгіштік теңдеуі негізінде материалдың жылуфизикалық параметрлерін табу әдісін әзірлеу және машиналық оқыту бағдарламасын құру" тақырыбындағы докторлық жұмыс жоспарының бөлігі ретінде өткізілді.

LaSIE лабораториясында Марат Гаухар гиперболалық теңдеудің аналитикалық шешімінің сандық тәсілдермен негіздемесін, есептік программаны құрумен және сезімталдық коэффициенттерін есептеумен айналысты.Тағылымдама кезінде Марат Гаухар қойылған тапсырмаларды ойдағыдай орындап, жақсы практикалық және теориялық білімдерін көрсетті. Ол Ла-Рошель университетінің профессорларының семинарына және PhD докторанттарының бірінің қорғауына қатысты.

Докторлық жұмысының өзекті және практикалық құндылыққа ие екенін көрсете алды.