«Жамбылға 175 жыл»

05.05.2021

Просмотров: 1544

Мақсаты:

-       студенттерді жыр алыбы Жамбыл ақынның өмірлік және шығармашылық жолымен, соғыс жылдарындағы импровизация-өлеңдердің тақырыбы мен идеялық мазмұнымен таныстыру;

-       Ж. Жабаевтың өлеңдерін талдай отырып, дүниетанымы мен ой өрісін дамыта отырып, шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге баулу;

-       Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге , оны бағалай білуге тәрбиелеу.

Міндеті:

-       «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбылға 175 жыл» атты поэтикалық іс-шара өткізу;

-       студенттердің шығармашылық қиялын дамытуға, ұлттық көркемдік дәстүрге қатысуға деген ұмтылысын арттыруға ықпал ету;

-       студенттердің ҚР тарихи және мәдени мұрасы туралы білімдерін байыту.

Жыр алыбы Жамбыл Жабаев 1846 жылдың 28 ақпанында Шапырашты руынан шыққан Жабай есімді көшпенді қазақтың отбасында дүниеге келген.Ұлт мақтанышы Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келгендіктен, ата-анасы таудың құрметіне орай Жамбыл деген есім береді.

 

 

Cілтеме: https://youtu.be/D7AACAbpj3k