Студенттік өзін-өзі басқару

Студенттердiң университеттегі өмірін, бос уақытын, басқа ЖОО мен қарым-қатынасты жақсарту,студенттердің құқығын қорғау және т.б. қатысты негiзгi мәселелердi шешу бойынша студенттiк өзін-өзі басқару қызмет етеді. Студенттiк өзiн-өзi басқарудың мақсаты ЖОО студенттік өзін-өзі басқару органдарын дамыту, тиiмдi өзара әрекеттесудi тәртiпке келтiру, және де студенттер мен студенттік өзін-өзі басқарудың тәрбиелік жұмысының көкейкестi және мағыналы мәселелерiнiң шешімін табу, анықтау, зерттеу болып табылады. Студенттік өзін-өзі басқару жалпы ЖОО басқару жүйесінің ажырамсыз бөлігі және студенттік өмір ұйымдастырудың маңызды міндеттерін атқарады.

Негізгі қызметтері:

  • § Университеттің мәдени-көпшілік және мерекелік іс-шараларының жоспарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуына жағдай жасау;
  • § Іс-қызметті университеттің факультеттері мен құрылымдық бөлімшелерімен тығыз байланыс ұстап отырып ұйымдастыру;
  • § Студенттердің бос уақыттарындағы қызығушылықтары мен сұраныстарын зерттеу;
  • § Факультеттер мен жатақханаларда атақты ғалымдармен, мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер, тақырыптық және шығармашылық кештер өткізу;
  • § Студеттік өзін-өзі басқару органдарының, студенттер сенатының, факультеттердегі маслихаттардың, студенттік кеңестер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіру;
  • § Мемлекеттік жастар саясатына қатысты басшылық пен басқа да ұйымдардың тілек-талаптарына жауап дайындау;
  • § Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғалмаған тобына жататын студенттердің (көпбалалы отбасылардан шыққан студенттер, жетім студенттер, т.б.) мәліметтер базасын жаңартып және толықтырып отыру;
  • § Студенттер арасындағы тәртіпсіздіктің алдын алу шараларын өткізу.

Студенттік сенат – студенттік өзін-өзі басқарудың өз жұмысын демократиялық, жариялық, тең құқылық, еркіндік, заңдылық принциптерін басшылыққа алатын атқарушы орган. Студенттік маслихат бірінші курс студенттеріне жақсы білім алудың маңыздылығын қалыптастырып, оларға қоғамдық жаңа жағдайларға бейімделуге көмектеседі, жастардың өмірі шығармашылық істер мен терең әсерге толы болатындай тәрбиелік процесті ұйымдастыруға көмектеседі.

Студенттер Сенатының негізгі мақсаттары:

  • студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • студенттерге оқу ісі, әлеуметтік–тұрмыстық қызметтер жөнінде және студенттерді қызықтыратын сұрақтарды шешуге көмектесу;
  • студенттерді жоғары кәсіби білікті мамандарды даярлауға байланысты сұрақтарды шешуге баулу;
  • жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында қажетті жағдайлар жасау. Қазақстан қоғамының өзекті мәселелерін шешуге қатысу;
  • студенттік өмірдің демократиялық дәстүрлерін сақтау және дамыту;
  • басқару органдарына оқу–ісі, ғылыми мәселелерді шешуге, тәрбие және оқу жұмысы үдерістерін ұйымдастыруға қатысу, сонымен қатар студенттердің тұрмысы мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу.

Студенттік «Сұңқар» кәсіподағы студенттердің әлеуметтік стипендия алу, стипендия қорынан материалдық көмек көрсету, жатақханада тұру, оқу процесін шаруашылық-техникалық қамтамасыз ету және т.б. мәселелермен айналысады; тегін заңгерлік кеңес береді; Алматы қаласының балалар үйіне көмек көрсетеді; студенттерді жол транспортына жеңілдік жол жүру билетімен, тамақтану комбинатына талонмен және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік сауықтыру лагеріне жолдамамен қамтамасыз етеді.

Кәсіподақтың негізгі мақсаты: ҚР заңдарына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін, еңбек құқығын қорғау.

Студенттерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау келесідей:

  • «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұсынуымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім студенттерге ай сайын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік көмек көрсетеді және жылына бір рет киіммен қамтамасыз етеді;
  • Денсаулығы нашар, мүмкіндігі шектеулі студенттерге әлеуметтік көмек көрсетеді;
  • Студенттер емханасының тізімінде тұрған, гастрит және қант диабетімен ауыратын студенттерге диеталық тамақтануға тегін талондар бөледі;
  • Әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасының біреуі жоқ, көпбалалы отбасылардан шыққан және балалы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетеді;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ыстық-көл жағасындағы спорт-сауықтыру лагеріне жолдамаларды 50 пайыз жеңілдікпен бөледі;
  • Университеттік және факультеттік деңгейдегі іс-шараларды атқаруға қаржылай көмек көрсетеді;
  • «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұсынуымен ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім және мүмкіндігі шектеулі студенттер жатақханада тегін тұрады;
  • Жаз айларында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша студенттерді жұмыспен қамтамасыз етеді

Студенттік Кеңес – студенттердің қоғамдық бірлестігі, студенттік өзін-өзі басқаратын орган, ҚазҰУ қалашығы жатақханаларындағы студенттердің тәртібі мен тазалығын қадағалай отырып, түрлі мәдени–көпшілік, спорттық және басқа да іс–шараларды ұйымдастырып, жүргізуді іске асыратын құрылымдық бөлім.

Негізгі мақсаттары:

  • Университеттегі жастар мен студенттердің өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамыту;
  • Жатақханада тұратын студенттердің азаматтық ролі мен жауапкершілігін арттыру;
  • Студенттік жастарда патриоттық рухты үйлесімді дамыту;
  • Студенттердің жеке қабілеттері мен интеллектуалдық мүмкіндіктерін бүкіл қоғам мүддесі үшін дамытуға жағдай жасау.

Болон үдерісі бойынша студенттік бюро 2009 жылдың 5-6 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен Қазақстан Республикасының Болон үдерісіне қосылуы жөніндегі Халықаралық форумы шешімі негізінде, Еуропалық Студенттер Одағы тәжірибесі мен дәстүрлеріне сүйене отырып, Қазақ Ұлттық Университеті қабырғасында студенттердің оқу процесін ұйымдастыруға көптеп тарту мақсатында құрылды.

Жоғарғы білім беру саласы және кәсіби мамандар дайындау Қазақстан Республикасының саясатының басым бағыттарының бірі. Өз кезегінде ұлттық білім жүйесі әлемдік білім кеңістігімен интеграцияланбай дамымайды. Сондықтан да университет деңгейінде бұл мәселенің шет қалмай Болон үдерісі бойынша студенттік бюроның құрылуы Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуын тездетуге үлесін қосады.

Студентік бюроның негізгі мақсаттары:

  • § Кредиттік білім беру жүйесінің тиімді іске асырылуына әрекет ету;
  • § Студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, экономикалық мүдделерін алға қою;
  • § Шешім қабылдауда студенттердің ролін күшейту;
  • § Жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан студент жастардың азаматтық ролі мен жауапкершілігін арттыру;