Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ

ЭТФҒЗИ директоры

ф.-м.ғ.к., доцент Олег Александрович Лаврищев

Тел.: 8-(727)-292-70-75

e-mail: lavr@physics.kz

 

Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ

Тарихы Институты:

ҚР ҰҒА-ның академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, сол кездегі физика факультетінің деканы Т.Ә. Қожамқұлов Қазақстан тарихында жоғарғы оқу орны жанындағы бірінші ғылыми зерттеу институтын құрып, алғашқы директоры болып сайланды. «Кеңес ғылымына» және оның сол кездегі ұйымдастыру принциптеріне, яғни қуатты интеллектуалды, мемлекеттік деңгейдегі Ғылымның беделімен күшейтілген потенциалына сүйене отырып, ЭТФҒЗИ физика факультетіндегі бірнеше жылдан бері (ҚазМУ-нің құрылғанынан бастап) қалыптасқан ғылыми мектептерді сақтап және ары қарай дамытып, жаңа өмірде өз бағытын тауып, өтпелі кезеңді төзеп, құрылымды және кадрларды сақтап, бірақ уақыт талабына сай ұйымдастыру мен қаражаттану принциптерін өзгертіп, мүлдем жаңаша болып құрылды.

1993 ж. директордың міндетін атқарушысы ҚР ҰҒА-ның академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Б. Бәйімбетов болды, 1993 ж. ортасынан 1995 жылға дейін институтты физика-математика ғылымдарының докторы, профессор А.С. Дробышев басқарды, 1996 ж. ақпан айынан 2000 ж. сәуіріне дейін институтты физика-математика ғылымдарының докторы, профессор И.Л. Тәжібаева басқарған. 2000 жылдың сәуір айынан маусымға дейін директордың міндетін доцент Б.М. Ибраев атқарды, ал 2000 ж. 2006 ж. дейін физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Рамазанов басқарады, ал 2006 ж. қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін институтты ф.-м.ғ.к., доцент О.А. Лаврищев басқарады.

Структура:

  • ДИРЕКТОР
  • Директ. орын.
  • Ғалым хатшы
  • Бухгалтерия
  • ҚКС бөлімі
  • ТЕОРИЯЛЫҚ ФИЗИКА БӨЛІМІ
  • Атомдық ядро теориясы және ядролық процестер лабораториясы
  • Жалпы салыстыр-малық теория лабораториясы
  • АҚО
  • ПЛАЗМА ФИЗИКАСЫ БӨЛІМІ
  • ЖЫЛУ ФИЗИКА БӨЛІМІ
  • ҚАТТЫ ДЕНЕ ФИЗИКАСЫ БӨЛІМІ
  • ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ БЕЙСЫЗЫҚ ФИЗИКА БӨЛІМІ
  • ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА БӨЛІМІ
    • Конструкциялық материалдар және ядролық-энергети-калық құралдар және ядролық әсерлесу лабораториясы
    • Криофизика және криотехнологиялар лабораториясы
    • Жылу масса тасымалдау лабораториясы
    • Жоғары темпера-туралық энергети-калық процестер лабораториясы
    • Плазмадағы процестерді математикалық модельдеу лабораториясы плазме
    • Плазмадағы бей-сызық және кор-реляциялық құбылыстар лабораториясы
    • Импульстік плазмалық үдейткіш лабораториясы
    • Тозаңды плазма және плазмалық технологиялар лабораториясы
    • Шалаөткізгіш және функционалдық материалдар лабораториясы
    • Шалаөткізгіш оптоэлектроника және нанофотоника лабораториясы
    • Шалаөткізгіш құрылымдар технологиясы лабораториясы
    • Бейсызықфизика лабораториясы
    • Шалаөткізгіш электроника лабораториясы
    • Квантталған жүйелер және элементар бөлшектер лабораториясы
    • Ғарыш сәулелер варияциясы лабораториясы
    • Радиациялық материалтану және наномате-риалдарды компьютерлік модельдеу лабораториясы
  • ШБ

Институт зерттеулерінің негізгі бағыттары:

  • Газдар, плазма және сұйықтық физикасы; плазма мен плазмаға ұқсас орталардағы тепе-теңдіксіз процестер физикасы;
  • Жану процестерін және жылу мен массаны тасымалдау құбылыстарын зерттеу;
  • Конденсацияланған күй физикасы және материалтану мәселелері; материалдар қасиеттерін өзгерту; заттың электрфизикалық, оптикалық және құрылымдық зерттеулері;
  • Ядролық, электрмагниттік сәулелену мен үдетілген бөлшектердің затпен өзара әрекеттесулері; ядролық, термоядролық энергетика, қауіпсіздік;
  • Теориялық және эксперименттік ядролық физика, ғарыштық сәулелер физикасы;
  • Салыстырмалылық теориясы, гравитация және кванттық механиканың өзекті мәселелері;
  • Радиофизика және электроника; бейсызық физика;
  • Нанотехнология.

Іргелі және қолданбалы зерттеулердің тақырыптары:

  • "Физика математика, механика және информатиканың актуалды мәселелері" ҚР ҒБМ іргелі зерттеулер бағдарламасы.
  • Жақын және алыс ғарыш жүйелер және объектілерді зерделеу, Жерді ғарыштан зерттеу, ғарыш технологиясының ғылыми негіздерін дамыту.
  • Биологиялық жүйелерді жүргізу заңдылықтары – медицина, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау үшін инновациялық технологияларды құрау негізі.
  • Курчатов қаласында казақстандық термоядролық материалтану токамак реакторын (ктм) құрау және жүргізу ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге арналған бағдарлама.
  • "Казақстан Республикасында атомдық энергетиканы дамыту" ғылыми-техникалық бағдарламасы.
  • ҚР БҒМ-ніңЫқылыас және қауіптік ғылыми зерттеулер және зерттемелер бағдарламасы.
  • Қолданбалы ғарыш зерттеулер.
  • Еларалық ынтымақтастық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламасы

Байланыстар:

Ғалым хатшы

ф.-м.ғ.к., доцент Ақмарал Каримовна Иманбаева

akmaral@physics.kz

8(727)292-59-20

 

Директордың орынбасары

Нұржан Садуев

lvcl@mail.ru

 

Бас бухгалтер

Сауле Бақытжановна Баймулдина

saule@physics.kz

8(727)292-70-75