Математика және механика ҒЗИ

ҒЗИ жетекшісі

Директор м.а. Имангалиев Е.И.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Математика және механика
факультеті, әл-Фараби данғылы, 71,

Тел.: +7 (727) 377 3565; 377 3223

Факс: +7 (727) 377 3190


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис­трлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны «Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы Еншілес мем­ле­кеттік кәсіпорыны «Математика және механика ғылыми-зерттеу институты»

Ғылыми қызметтің негізгі бағыты

  • алгебра және логика
  • Дифференциалдық теңдеулер
  • Есептелімді технология және олардың қосымшалары
  • Басқару жүйелер және технологиялар
  • техногендік және табиғи процесстердің механикасы
  • экожүйе және технологиялар
  • жоғарғы өнімді ақпараттық технологиялар
  • бейнелерді тану жүйесі, корпоративті технологиялар және жүйелер
  • жоғары мектептің білім беру мәселелері

Ғылыми инфраструктура

  • Алгебра және логика
  • Дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы
  • Есептелімді математика және математикалық үлгілеу
  • Есептелімді технология және газ-мұнай өндіру саласындағы проблемалар
  • Сұйықтық, газ, плазма және энергетика механикасы
  • Робототехникалық жүйелер және ғарыштық технологиялар
  • Компьютерлік ғылымдар
  • Интеллектуалдық ақпараттық жүйелер
  • Корпорациялық жүйелер және технологиялар
  • Ақпараттық технологиялар және дизайн

ҒЗИ негізгі қызметі

Институтта ғылым, техника және білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша 70-тен астам жоба, шетелдік және халықаралық гранттар мен ҚР Ұлттық компанияларымен жасалған шаруашылық келісімшарттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізіледі.

ММ ҒЗИ инновациялық зерттеулермен белсенді айналысады. Осы мақсатпен жобалар шеңберінде келесідей ғылыми зерттеулер жүргізілуде:

  • Жоғары өнімді есептерді ұйымдастыру және басқару барысында жасанды интеллект жүйелерін және кодты автоматты түрде тудыру әдістерін қолдану жобасы бастамашылығын алды.
  • Мұнай-газ кен орындарын өңдеуді талдау үшін ақпараттық (ИСАР-II) жүйесі әзірленіп, жаңартылды.
  • Жылдамдық, температура және шоғырлану аясына есеп жүргізу мүмкіндігін беретін, сол сияқты атмосферадағы болып жатқан процесстерге қатысты болжамдық ұсыныс жасау мүмкіндігін беретін стратосфераның, мезосфераның және ионосфераның әртекті процесстеріне математикалық үлгілеу әзірленді.
  • «Ірі сандық үлгілерді іске асыру үшін жоғары өнімді кластерлердегі бұлттық есептер» жобасы шеңберінде мобильды құрылғыларда есептеу бұлттарды қалыптастыруға қажетті бағдарламалар түптұлғалары алғаш рет әзірленді.
  • Қатты дене (ғарыш аппараты) қозғалысын басқаруды құру схемасы құрылды; салмақ ортасына қатысты ғарыш аппаратының қозғалысын басқару жүйесінің математикалық үлгісі әзірленді.
  • Мобильды робот тәжірибелі үлгісінің динамикасы зерттелді, басқару жүйесі әзірленіп, жобаланды және құрастырылды.

«Қазақстан жағдайында электромобильдердің интеграциялық мүмкіндіктерін зерттеу» жобасының шеңберінде қалалық жағдайда қажетті инфрақұрылыммен электромобильдің шынайыға жақындатылған компьютерлік үлгісі құрылды.

Мекенжайы: "аль-Фараби ат. ҚҰҮ" РМК ШЖҚ "ММ ҒЗИ", 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Масанчи қ., 39/47