Кафедра тарихы

Кафедра тарихы

Теориялық физика кафедрасы - Қазақ ұлттық университеті физика факультетіндегі - ең алғашқы және жетекші кафедра (1938 жыл).

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы 1938 жылы кафедраны қалаушы Қазақстандағы термодинамика бағытының негіздерін қалаған профессор А.А. Гухманның кезінен басталады. Кафедраның ғылыми өмірінің ары қарай қалыптасуы және дамуы көрнекті кеңес физик-теоретиғі В.А. Фоктың шәкірті доцент Н.М. Петрованың ғылыми-педагогикалық қызметімен тығыз байланысты. Ол Ленинградтан 1939 жылы келіп, кафедраны 1945-1970 жылдары меңгерді. Оның ғылыми қызметімен кафедраның негізгі ғылыми бағыты - жалпы салыстырмалы теориясындағы денелердің қозғалыс мәселесі - байланысты. 1955 жылдан бастап кафедрада Ғ.Ж. Мырзағалиев істей бастады, 1959 - Т.М. Кучина, 1962 жылы оқытушылар қатары сызықты емес акустика ғылыми бағытын ашқан З.А. Гольдбергпен толықтырылды. Ядролық тақырыбымен байланысты ғылыми бағыт кафедраға М.Ә. Жүсіповтің және Т.Ә. Қожамқұловтың келуімен 1969 жылы дами бастады.

1970 жылы кафедра меңгерушісі болып академик В.А. Фоктың оқушысы салыстырмалы теория және гравитация бығытының ары-қарай табысты дамыуын жетекшілеген М.М. Әбділдин тағайындалды.

1982 жылдың желтоқсан айында КСРО жоғары оқу орындарының Министрлігінің бұйрығымен С.М. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университеті жалпы салыстырмалы теориясы бойынша алғы оқу орыны болып тағайындалды. 1971 жыдан бастап элементар болшектер және өріс теориясы саласындағы маман Ю.В. Ливенцов оқытушылық қызметін атқарды. 1981-1986 жылдары кафедраны, аты кванттық хромодинамика ғылыми бағыты пайда болуымен байланысты, Т.Ә. Қожамқұлов меңгерді.

20-ншы ғасырдың 80-нші жылдарында кафедраның ғылыми потенциалы одан сайын күшейді: теориялық физика бойынша докторлық диссертацияларын М.М. Әбділдин (1985 ж.), Т.Ә. Қожамқұлов (1986 ж.) қорғады, жас ғылым кандидаттары, кафедра түлектері М.С. Омаров, Н.А. Буркова, О.И. Имамбеков, Т.Д. Каипов, К.А. Жақсыбекова оқытушылық қызметтерін бастады, 1985 жылы кафедрада өріс теориясы саласындағы мамандар М.С. Имашев және А.М. Кусаинов жұмыс істей бастады. 2002-2006 жылдар аралығында профессор В.И. Руськин кафедрада өрістің кванттық теориясынан дәріс оқыды.

2003 жылы М.М. Әбділдин ҚР ҰҒА академигі болып сайланды. 1988-1991 жылдар аралығында ол университет ректоры болдыю. Профессор Т.Ә. Қожамқұлов 1994 жылы Жоғарғы мектеп ғылымдарының халықаралық академиясының академигі болып, 2008 жылыҚР ҰҒАакадемигі болыпсайланды, 2001-2008 жылы ҚазҰУ ректоры болды. 2007 жылы К.А. Жақсыбекова және Н.А. Буркова докторлық диссертацияларын қорғады.

2008 жылы кафедраның меңгерушісі ф.-м.ғ.к. М.Е. Абишев тағайындалды. 2009 жылы М.Е. Абишев докторлық диссертациясын қорғады.

2007 жылы кафедраның алғашқы PhD докторлары диссертацияларын қорғады (Т. Мырзақұл), 2008 жылы PhDдиссертацияларын К.А. Бошкаев және Ж.Н. Бришева, 2009 жылы - А.М. Жусуповқорғады.

2011 жылы кандидаттық диссертацияларын Г.С. Нұрбақова қорғады.

Қазіргі уақытта кафедрада 7 профессор, 5 доцент, 2 аға оқытушы, 1 асисстент және 3 маман жұмыс істейді. Кафедрада оқытушылық және ғылыми қызметін ҚР ҰҒА академиктері М.М. Әбділдин және Т.Ә. Қожамқұлов, профессорлар Қ. Бақтыбаев, М.Ә. Жүсіпов, Ғ.Ж. Мырзағалиев, Н.А. Буркова, К.А. Жақсыбекова және доценттер М.Е. Әбішев, Н.Ә. Бейсен, Ф.Б. Белисарова, А.А. Комаров, Ә.Ғ. Мырзағалиева, аға оқытушылар Г.С. Нұрбақова жне Ж.Н. Бришева, ассистент Р.С. Қабатаева атқарады. Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын мамандар Ә.С. Тәукенова, Д.А. Тұрсынбаева және Ф.З. Джандарбек қамтамасыз етеді.