Студенттік өмір

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өзіндік ерекшеліктерімен, міндеттерімен және игі дәстүрлерімен студенттік өзін-өзі басқару жүйесі қалыптасқан. Тәрбие жұмысының ең маңызды бағыты студенттік өзін-өзі басқару және студенттердің белсенділіктерін жоғарылату болып табылады.Тәрбие ісі жұмысында факультетте үлкен үш ұйым жұмыс жасайды.Олар :

Студенттік маслихат – факультетте студенттердің өзін-өзі басқару ұйымын құрайды, олар жұмыстарын заңдылық, шындық, демократиялық негіздеріне сүйене отырып атқарады. Маслихат құрамындағы студенттер алғаш факультет есігін ашқан 1-ші курс студенттеріне білімнің маңыздылығын көрсете отырып, жаңа әлеуметтік жағдайда дұрыс бағытта қалыптасуына, жастардың бос уақытын мейлінше қызықты әрі пайдалы өтуіне ықпал ете оытып тәрбие жұмысының маңызын арттырып отырады;

Студенттік кеңес – жатақханада студенттердің өзін-өзі басқару ұйымының бірі механика-математика факультетінің студенттерінен құралған қоғамдық бірлестік. Кеңес құрамындағы белсенді студенттер жатақханада тұратын студенттердің тәртібіне, әлеуметтік жағдайына, қиын мәселелерді шешудегі іс-шараларды толығымен өз беттерімен шешеді және түрлі мәдени іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жастардың сабақтан тыс бос уақыттары қызықты өтілуіне үлес қосады;

«Сұңқар» студенттік кәсіподағы – студенттерге әлеуметтік көмек көрсету, денсаулығы нашар студенттерді талонмен қамтамасыз ету,факультеттегі қоғамдық іс-шараларға және мерекелік бағдарламаларға студенттерді тарту,студенттердің бос уақыттарында салауатты өмір салтын ұстануын ,студенттік үйірмелерге қатысуын қадағалайды;

Ғылыми-студенттік қоғам – ғылыми-зерттеушілік жұмысқа қызығушылығы мол белсенді студенттерден құралған ұйым. Ғылыми- студенттік қоғам студенттердің ғылыми-практикалық жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, болашақ ғалымдардың студенттік өмірлерінің қызықты әрі маңызды өтуіне жол сілтейді;

Студенттік құрылыс отряды – студенттердің өз еркімен бос уақыттарында құрылыс және жөндеу жұмыстарына көмек көрсету маөсатында ұйымдастырылған ұйым.

Осы үш ұйымның өткізген басты іс-шараларына тоқталып кететін болсақ, олар : «Студенттер қатарына қабылдау», «Ана тілі аруы», «Ана тілі сұлтаны», «Мех-маттың ханы мен ханзадасы», «Күзгі балл» және т.б.

Ерекше айта кететін мереке университет деңгейінде қайта өмірге келген үлкен мерекелік шара «Студенттік көктем» фестивалі. Бұл сайыста факультеттің көптеген студенттері межелі орындарға ие болды. Олар: Тлямов С.- 2 орын- патриоттық әннен, Мурзахметов Б. – 2 орын – саксофон, Сахов А, Рысбеков А., Малибеков Ғ.- еркін тақырыптағы би, Ақпараттық жүйелер мамандығының 4 курс студенттері – 2 орын.-хор.

ҚазҰУ-дың «Ана тілі-аруы» сайысында біздің факультеттен Математикалық және компьютерлік моделдеу мамандығының 1-курс студенті Тубетова Акмарал «Ең сүйкімді қыз» номинациясымен , ал «Ана тілі сұлтаны» сайысында Ақпараттық жүйелер мамандығының 1 курс студенті Амитов Бекжан 3 орынға ие болды.