Білімді ел – мәңгілік ел

28.03.2017

Көрулер: 2422

Еңселі елдің талай білімге құштар студенттерді құшағына жинаған, кадр потенциалына елеулі үлес қосып келе жатқан егеменді елдегі еңсесі биік жоғары оқу орындарының бірі – әл-Фараби атындағы университет. Себебі, әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – қазақ тарихында ойып тұрып орын алған дара тұлғалардың түлеп ұшқан ұясы. ҚазҰУ еліміздегі ЖОО-лар бойынша көш басында ілгері келеді.

Олай дейтін себебіміз, әлем­нің ең үздік университеттері QS рейтингі бойынша біздің білім ордамыз биылғы жылы 236-­орынға нық жайғасты. Бұл көрсеткіш республикамыздағы басқа университеттермен салыс­тырғанда ең жоғары нәтиже және жыл сайын бұл көрсеткіш дең­гейін университеттің одан әрмен қарай жоғарылата береді.
Оның ішінде Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің сапалы, білікті кадрларды даяр­лау­дағы маңызы ерекше. Бұл фа­куль­т­ет есеп және аудит, қар­жы, экономика, маркетинг, менед­ж­мент, логистика, мемле­кет­тік және жергілікті жерді басқару ма­ман­дықтары бойынша жыл сайын ­бакалавр, магистрант, докто­рант дәрежесіндегі маман­дар даярлап, ел болашағына ерен үлесін қосар мәңгілік елдің сана­лы қауымын қалыптастырып ке­ле­­ді. Еліміздің жаңа жаһандық болмыс жағдайындағы даму мін­дет­тері айқындалды. Дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін­ші жаңғыртудың қалай жүзе­ге асырылуына байланысты. Демек, оны іске асыратын білікті мамандар қажет. Осы білікті мамандарды даярлау және білікті маман болып шығу – біздің ұстаздарымыз бен студенттері­міз­­дің басты мақсаты. Атап айт­сақ, ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғарғы мектебінде ғылыми-инновациялық инфрақұрылымын ҒЗЖ нәтиже­ле­рін апробациялайтын, жас маман­дарды даярлайтын кафе­дра­лар мен ғылыми-зерттеу зерт­ханаларының басым бағыттары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізілетін құрылымдық бөлім­шелер бар. Мұндағы ғылыми орта­лықтардың бастауы Елбасы­мыздың Жолдауында көрсетіл­гендей шағын және орта бизнесті дамыту, ғылыми-техникалық зерт­теу орталықтарын, иннова­циялық, бизнес-инкубаторлар қалыптастыру арнасына әкеліп тоғыстырады. Осы қалыптасқан жағдайды жыл сайын жаңғырта отырып, Экономика және бизнес жоғарғы мектебі болашақ ма­ман­дарға әлемдік тәжірибемен сабақтасқан үздік білім береді. Әр студенттің қабілетіне жеке мән бере отырып, ғылыми зерт­теу жұмыстарына бағыттайды. Өскелең жас ұрпақты мемлекет тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, азаматтың, адам­заттың, қоғамның міндеті. Осы міндеттерді атқару баршаның борышы, парызы бол­мақ. Жауап­кершілікті сезіне отырып, жаңа заманның салмақ­ты жүгін қайыс­пай, «жұмыла, көтерген жүк жеңіл» бо­ла­тыны секілді отбасы, ба­­ла­­­­бақша, мектеп, оқу орын­дары және қо­ға­м­ның бірлескен жұмы­сы­ның нәтижесін көр­сетеді. Әр аза­мат өз білімін, білік­ті­лі­­гін арт­тыр­ған жағдайда ғана қо­­ғам­ға үлес қосып, мем­ле­кеттің бола­ша­ғын қалайтынын ұмыт­па­уы тиіс.