HUAWEI – ҚАЗҰУ-да

19.04.2017

Көрулер: 1922

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Huawei ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов пен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Хоу Тао қол қойды.

Орталық жұмысы IT және теле­ком­муникация саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға, бірлескен білім беру бағдарламаларын жасауға, ғылыми зерттеулер жүргізуге және инновациялық өнімдер мен шешімдерді шығаруға бағытталған. Сонымен қатар университет оқыту­шылары мен студенттері Huawei ком­паниясының бөлімдерінде тағы­лымдамадан, өндірістік және ғы­лыми-зерттеу тәжірибелерінен өте алады. Компанияның соңғы техни­калық өнімдері мен технологиялары туралы жедел ақпарат алатын болады.
– Huawei – ақпараттық-коммуни­кациялық технологиялар саласын­дағы әлемдік жетекші корпорация. Компанияның өнімдері мен қызмет­терін әлемнің 170-тен аса мемлекеті тұ­тынады. Енді біз Қазақстанның же­­текші университеті – әл-Фараби атын­­дағы ҚазҰУ-мен бірге келе­шек­тің ақпараттық қоғамын құруға жұ­мыс істейтін боламыз, – деді Huawei Technologies Kazakhstan басшысы Хоу Тао.
Huawei заманауи телекомму­никациялық құрылғыларымен және бағдарламалық өнімдерімен жаб­дықталған орталықта оқу курстарын жүргізу, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялар саласында қызмет ететін мамандардың білік­тілігін арттыру және оларды серти­фикаттау жоспарлануда.
Кездесу барысында тараптар жаңа Жібек жолы университеттері альянсінің IT-технопаркін ҚазҰУ базасында құру жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге келді. Бұл жоба алдыңғы қатарлы сандық технологиялар мен инновациялық зерттеулерді дамытудың орталығы болады деп күтілуде.
ҚазҰУ-дың ІТ-технология саласындағы қызметі – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған сандық Қазақстан құру бойынша міндеттерді жүзеге асырудағы маңызды қадам. Атап өту керек, ҚазҰУ базасында аты әлемге әйгілі Hewlett-Packard, Microsoft, Cisco, Konika Minolta, Fujitsu, Samsung, «Касперский зертханасы» және тағы басқа компаниялардың ғылыми-білім беру орталықтары ашылып, жемісті жұмыс істеп келеді.
Al-Farabi university – smart city ғылыми-инновациялық кешенді жобасы аясында Қазақстанның жаңа сандық экономикасына қажетті жоғары білікті мамандарды дайындау және бәсекеге қабілетті ұлттың қар­қынды дамуы үшін қуатты рухани-адамгершілік және интеллектуалдық тұғырнаманы қалыптастыру жүзеге асырылуда.