қамшы.кз

12-там-16

Көрулер: 3039

 Олимпиада чемпионы – ҚазҰУ студенті

Олимпиада чемпионы – ҚазҰУ студенті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Дмитрий Баландин Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында «алтын» жүлдені қанжығасына байлады. Ол ерлер арасында брасс әдісімен 200 метр қашықтыққа жүзуден үздік көрсетікшпен жеңіске жетті. Бұл қазақ спорты тарихындағы Олимпиада ойындарында жүзуден алған алғашқы алтын, - деп хабарлайды Qamshy.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дмитрий Баландин - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дене шынықтыру және спорт кафедрасының 4-курс студенті.Спортшы университеттің аға оқытушылары, спорт шеберлері Андрей Хохлов пен Қуат Мақашевтардың жетекшілігімен жаттығады. Дмитрий – халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ Инчхонда өткен (Оңт.Корея) XVII Азия ойындарының браспен жүзу әдісі бойынша үш дүркін алтын медаль иегері.Бұған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Елдос Сметов Рио Олимпиадасында ерлер арасындағы дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, Қазақстан қоржынына алғашқы күміс медальді салған болатын. Елдос Сметов – дзюдодан әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.Риодағы олимпиада ойындарына Қазақстанның ұлттық құрамасында ҚазҰУ-дың 17 студенті спорттың 6 түрінен: жүзу, ауыр және жеңіл атлетика, дзюдо, еркін және грек-рим күресінен бақтарын сынауда.ҚазҰУ студенттері спорттық шеберліктерімен, жеткен жетістіктерімен университеттің еліміздегі ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренадағы үздік оқу ордасы екенін тағы бір дәлелдеді.«Қамшы» сілтейді