Винстон Наганның қатысуымен "Mind, Thinking & Creativity" тақырыбында халықаралық вебинар өтті

10.03.2016

Көрулер: 3330

ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде "Mind, Thinking & Creativity" деген тақырыпта Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясымен (WAAS) халықаралық вебинар өтті.

Вебинар барысында шығармашылық ойлау мәселелерін, халықаралық құқық және эмоционалдық жасаушының халықаралық қатынастар мен тұрақты дамуға әсерлері талқыланды.

7 спикердің бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетіне шақырылған Флорида АҚШ университеті (University of Florida,USA) Ливин құқық колледжінің (Levin College of Law) профессоры, Рим клубының мүшесі, бұрынғы ректоры және Дүниежүзілік өнер және ғылым академиясының (WAAS) Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі Винстон Нагано болып табылады.

Профессор Винстон Нагано халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасында магистратура бағларламасы аясында «Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық-құқықтық аспектілері» және «Халықаралық құқық және жаһандану» атты екі элективті пәндерді ағылшын тілінде оқытады. Оның дәрістері барлығына ашық және тек халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен профессорлық-оқытушы құрамына ғана емес, сонымен қатар басқа да факультеттер мен жоғары оқу орындарының тыңдаушыларын қызықтырады.

Халықаралық қатынастар факультетінде Винстон Нагано тұрақты даму, халықаралық құқық және әлемдік экономика мәселелері бойынша 3 халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Вебинар жұмысына халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары, магистранттары мен докторанттары, сонымен қатар философия және саясаттану факультетінің магистранттары белсенді қатысты.

Халықаралық қатынастар факультеті