Жас биологтар ҚазҰУ – тін таңдайды !

08.02.2010

Көрулер: 4325

4 ақпан 2010 жылы жоғары сынып оқушылары үшін биология факультетінің есігі ашылды. Алматы қаласы мен Алматы облысына қарасты 20 лицей мен гимназиядан және орта мектептерден (Қ.Мұңайтпасов атындағы Республикалық спорттық колледжі, Ш.А. Смағұлов атындағы мектеп, Дарынды балаларға арналған Алматы спорт интернаты және орта мектептер № 134, 13, 9, 138, 79, 173, 140, 31, 70, 172, 65, 7, 169, 56, 39, 54, 72) осы күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқушылар келді. Биология факультетінің фойесінде оқушыларды оқытушылар мен студенттер қарсы алып, университет пен факультет туралы буклеттерді және мерекелік бағдарлама жазылған қағаздарды таратты. Шақырылған мұғалімдер мен мектеп оқушыларының барлығы тіркеуден өтті, осы күні біздің факультетке барлығы 413 жоғары сыныптықтар келді.

Ашық есік күнін өткізудің басты мақсаты мектеп оқушыларын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіменен толығымен таныстыру және биология факультетінде дайындалатын мамандықтармен, сонымен қатар университеттік кампуспен, студенттер өмірімен, ғылыми мектептермен, дәстүрлер туралы толық ақпарат беру болатын.

Оқушылар алдында: биология факультетінің деканы, профессор Шалахметова Т.М., академик Шигаева М.Х., профессор Мұхитдинов Н.М.. сөз сөйледі. Олар университет пен факультеттің тарихын, биология факультетінің ғылыми жетістіктерін, еліміздің экономикасына және білімі мен ғылыма үлес қосып жүрген белгілі түлектер жайында әңгімелеп берді. Ғалымдардың айтқан әңгімесін оқушылар қызығушылықпен тыңдады, айтылған әрбір сөз презентациямен фильмдер арқылы көркемделіп отырды. Студенттер атынан: мәслихат төрағасы Ахметова Ләйля және 2 курс студенті Мурсалимов Айбек сөз сөйледі, ҚазҰУ де оқудың қызықты екендігін, шығармашылық жағынан дамудың мүмкіндіктерін және университеттегі қоғамдық өмірдің қызығын, кредиттік технологиямен оқудың ерекшеліктерін әңгімелеп берді. Сонымен қатар оқушылар алдында биология факультетінің 3 курс студенті әнші Мұхит Жазыкбаев өзінің университеттің 75 - жылдығына арнап шығарған гимнін орындады. «Ашық есік күніне» ректораттың өкілі Академиялық мәселелер Департаменті студенттердің контигенті және мәнсабын қалыптастыру бөлімінің маманы Суетов Жүніс Али қатынасып қатысушы оқушыларды 16 ақпан 2010 жылы болатын «Әл-Фараби» олимпиадасының ашылуына қатысуға шақырды. Жұмыс берушілер атынан ҚР БҒМ Жалпы генетика және цитология институтының директоры Жансүгірова Л.Б сөз сөйледі, ол молекулалық генетиканың қазіргі бағыттарына тоқталып, биология факультетінің студенттерінің жобаларды орындауға қатынасуын өндірістік практикадан өтетіндігін айтты және Институтта жұмыс істейтін, сонымен қатар АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германияның ғылыми орталықтарында жұмыс істеп жүрген факультеттің талантты бітіруші түлектердің атын атап өтті.

Жоғары сыныптықтар үшін бұл күні 6 кафедраның және 2 ҒЗИ ның есіктері ашық болды. Кафедра меңгерушілері: профессор Айдосова С.С., Айташева З.Г., Мұкашева Т.Ж., Карпенюк Т.А., Нұртазин С.Т. , Төлеуханов С.Т., сонымен бірге институт директорлары Бисенбаев А.К. және Қалимағамбетов А.М. оқу аудиторияларын, зертханаларды, қазіргі заманғы жабдықтарды, биология ғылымының әртүрлі бағыттары мен ғылыми мектептердің негізін салған Т.Б. Дарқанбаев, Г.З.Бияшев, Т.М.Масенова, Н.Л.Удольская, В.П.Митрофанов атындағы аудиториялар көрсетілді. Биология факультетінің деканының орынбасарлары Ережепов А.Е., Есимсиитова З.Б., жас ғалымдар және оқытушылар, магистрлер және PhD: Басығараев Ж.М., Баубекова А.С., Жүсіпова А.И., Құдиярова Ж.С., Умбаев Б.А., Цой А.К. және басқалар. «биология», «биотехнология», «экология», «балық шаруашылығы», «дене шынықтыру және спорт» мамандықтары мен әртүрлі пәндер жөнінде қолданылып жүрген білім берудегі жаңа технологияларды пайдаланудың мүмкіншіліктерін көрсетті. Сонымен бірге 4 компьютерлік сыныпта, виртуальды лабораториялық сабақ, интерактивті технология арқылы дәрістік материалдар, қазіргі биоинформатиканың мүмкіншіліктері көрсетілді.

Биология факультетінің ұжымымен кездескен жоғары сынып оқушылары биомузейге барды. биологиялық музейдің қызметкерлері музейдегі экспонаттарды оқушыларға көрсетіп, әрбір экспонат туралы әңгімелеп берді. Оқушылар ашық есік күнінде алған осындай мағлұматтардан болашақта мамандық таңдауда дұрыс қадам жасайтындықтарына себепші болатындығын атап өтті. Келген оқушылар әрбір көрсетілген зертханамен мұқият танысып, ғылымға, білімге деген қызығушылықтары өте жоғары болды, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап ала алды.

Олар өздері мектеп бітірген соң, тек қана әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсетіндіктерін нық сеніммен айтты!

Биология факультетінің деканы
Т.М. Шалахметова