ҚазҰУ-дың жаңа серпіні

05.02.2010

Көрулер: 3733

Жақында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінінің Ұлттық аккредитациялық орталығы тұңғыш рет халықаралық үлгі бойынша жоғарғы оқу орындары аккредитациясының қорытындысын шығарды. Отадық оқу орындарының ішінде ұлттық аккредитацияны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алғашқы болып сәтті өтті.

Институционалды аккредитация - университтің өзін-өзі бағалауы мен жоо қызметінің сыртқы бақылауы негізінде жүргізілетін Болон удерісі аясындағы міндетті шара. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бұл шараны белгілі ғалым Ресейдің федералды аккредитациялық орталығының жетекшісі Владимир Наводновтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінінің Ұлттық аккредитациялық орталығы жүргізді.

Тәуелсіз комиссия жетекші оқу орын қызметінің барлық саласымен жан-жақты танысып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғарғы оқу орын саласындағы ұлттық саясатқа және халықаралық стандарттарға, сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық, ғылым-білім мен мәдени дамуына сәйкес келетін, миссиясы, міндеті мен мақсаты жақсы қалыптасқан деген қорытындыға келді.

Одан өзге шетелдік және отандық жоо-ы, академиялық қоғамдастық пен қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған сарапшылар тобы ғылыми ізденістердің жоғары деңгейін, білім сапасын, университет кампусының дамуын, сонымен қатар студенттердің оқуы мен тұрмысы жағдайының жақсы екендігін атап өтті. Алматыдағы университтік Интернет-орталықтың үлгісімен танысқан соң, тәуелсіз сарапшылар ақпараттық технологияларды ендіруде жоо-ның техникамен жақсы жабдықталғандығын баса айтты.

ҰАО-ның аккредитациялық комитеті 3 ақпан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінінің кеңейтілген отырысында соңғы қорытынды шешімін шығарды. Онда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұловқа институционалды аккредитацияны сәтті өткендігі туралы бірінші сертификатты тапсырды.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі