Мансап секторы және Еуразиялық банк жаңа кезендегі менеджерлерді дайындаудың инновациялық бағдарламасын іске асырады

30.12.2009

Көрулер: 3235

Еуразиялық банк жаңа кезендегі банк бизнесінің беделді менеджерлерінің дайындауға арналған Қазақстанда теңдесі жоқ инновациялық, кең ауқымды бағдарламаны іске асырады.

Банк 2010 жылы бакалавриат пен магистратурада жағары білім алып , оқу тәмамдаған 20 қазақстандық түлектерге іріктеу жүргізеді. Бұл бағдарлама жеңімпаздары Банкке орта деңгейдегі менеджер қызметіне қабылданып, уақыт өте жоғары деңгейдегі топ-менеджмент қызметіне дейін өсіріледі.

Аталмыш оқу бағдарламасының өзегі болып табылатыны-үздік түлек Еуразиялық банк басқармалары, соның ішінде: корпоративті және бөлшекті банкинг фронт-офистері, қаржы, ішкі бақылау мен тәуекел менеджменті басқармалары арасында жыл сайын орын ауыстырып, жұмыс істеуі. Бұл бағдарламаның кейбір сатылары банктің бас офисі мен кейбіреуі - Алматы мен Астана қалаларындағы филиалдарында өтеді.

Бүгінгі жүйесінің интернационалдық көрінісіне байланысты бағдарлама мүшелері шет ел тілін жетік білуі керек.

Бағдарлама келесі маңызды бағыттардан тұрады:

  • бағдарламаның әрбір мүшесі банктің жоғарыда атап өткен белгілі бір басқармасында бір жыл көлемінде жұмыс істеп, одан соң кезекті басқа басқармаға ауысады. Соған байланысты жаңа маман 5 жыл ішінде банктің түрлі бағытының жұмысымен таныс болады. Бұл орын ауыстыру қызметкердің банк операцияларының барлық егжей-тегжейін білуі үшін жүзеге асырылмақ;
  • бағдарламаның әрбір мүшесіне Банктің топ-менеджмент қатарынан бір басшы куратор болып тағайындалады;
  • бағдарлама мүшесінің әрқайсысы жылына бір рет жарты күн бойы банк Басқарма Төрағасы мен топ-менеджерлер қызметкерлерімен кездесіп, жұмыс барысында түрлі сұрақтарды талқылай алады;
  • жұмыс орнындағы оқу бағдарламасына қоса жаңа мамандар 5 жыл бойы арнайы тренингтерде қосымша білім алады;
  • бағдарлама аяқталғаннан соң әрбір қатысушы қаржылық сыйақыны иеленеді;
  • бағдарлама аяқталғаннан оның әрбір мүшесі Банкте белгілі бір басқару қызметіне тағайындалады.

Конкурсқа қатысу ережелері мансап секторы сайтында қосымша орналыстырылады.

Байқауға қатысу және іріктеу шарттары туралы мәлімет Мансап секторының сайтында орналасады. Бүкіл сұрақтар бойынша Мансап секторына, Ректорат, 403 каб Косаев К., Исалдаева С. хабарласыңыздар.

тел. 377-33-25

e-mail: Kamil.Kosaev@kaznu.kz, Sabira.Isaldaeva@kaznu.kz